Fibonacci Eurasia Robot Olympiad (FIRO 2026) қорытындысы
09.09.2026
2026 жылғы 22–26 сәуір аралығында Түркия Республикасының Анталия қаласында халықаралық Fibonacci Eurasia Robot Olympiad (FIRO 2026) робототехника олимпиадасы өтті. Бұл беделді халықаралық жарыста Қазақстан Республикасының намысын 170-тен астам оқушы мен жаттықтырушы қорғады. Биылғы жылы олимпиадаға 11 мемлекеттен 629 команда қатысып, жоғары деңгейдегі бәсекелестік қалыптасты. Қазақстанмен қатар Түркия, Әзербайжан, Грузия, Румыния, Литва, Польша, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан және басқа да елдердің командалары өзара сынға түсті.
Қазақстанның ұлттық құрамасы 84 командадан құралды және қатысушылар саны бойынша ең ірі делегациялардың бірі болды. Бұл елімізде робототехника мен инженерлік білімнің қарқынды дамып келе жатқанын көрсетті.
Олимпиаданың мақсаты: Олимпиада технологияны өмір салты ретінде қабылдайтын жас инженерлерді, бағдарламашыларды және жаңашылдарды біріктіріп, олардың құзыреттілігін дамытуға бағытталған.
Fibonacci International Robot Olympiad — жыл сайын қараша айында Рим қаласында өтетін, әлемдегі ең беделді робототехника жарыстарының бірі. 2018 жылдан бері бұл іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен робототехника әуесқойларын, инженерлерді, студенттерді, сала көшбасшыларын және отбасыларды біріктіріп келеді. Бұл шара тек жарыс қана емес, сонымен қатар көрме және білім беру платформасы болып табылады. Ол жетекші сарапшылармен байланыс орнатуға, озық технологиялармен танысуға және жаңа серіктестіктер құруға мүмкіндік береді.
Бұл халықаралық жарысты Uninettuno Telematic University ұйымдастырады және ол бірнеше беделді оқу орындарымен бірлесіп өткізіледі, олардың қатарында Tor Vergata университеті, Sapienza университеті және Турин политехникалық университеті бар. Жылдар бойы Fibonacci International Robot Olympiad ұйымдастырушы елдегі ең ірі робототехника іс-шарасына айналып, 50 түрлі аймақтан қатысушыларды қабылдайды.
Ақмола облысынан 7 оқушы қатысты:
1.Серік Абылайхан – Астрахан ауданы, Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
2.Тоқтар Жанали - Степногорск қаласының А.С. Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектебінің 3-сынып оқушысы;
3.Қайролла Асанәлі - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
4.Тогтау Имангали - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
5.Лашынтай Фархат - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
6.Махмет Алаш - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
7.Құрман Досымжан - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы.
Жарыс қорытындысы бойынша Ақмола облысының топтар сертификат пен әлемдік финалға жолдама жеңіп алды. Әлемдік финал 2026 жылдың 30 қараша – 4 желтоқсан аралығында Италия мемлекетінде өтеді.
Олимпиада қорытындысы бойынша І орынға 6 оқушы ие болды.
І-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1.Тогтау Имангали - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, Autonomous car санаты бойынша;
2.Лашынтай Фархат - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, Autonomous car номинациясы бойынша;
3. Қайролла Асанәлі - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, FootBot Lego league санаты бойынша;
4. Құрман Досымжан - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, FootBot Lego League санаты бойынша;
5. Махмет Алаш - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, FootBot Lego league санаты бойынша;
6. Тоқтар Жанали - Степногорск қаласының А.С. Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектебінің 3-сынып оқушысы, Lego Line Following (Primary School) санаты бойынша, "ROBOSTEP" командасы.
Autonomous Car Racer санаты бойынша Middle жас ерекшелік тобы бойынша Астрахан ауданы, Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Серік Абылайхан 5-орынға ие болды.
Шын жүректен құттықтаймыз!!!