Қ. Сәтбаев атындағы ХІV аймақтық олимпиадасының қорытындысы
09.09.2026
2026 жылғы 25-28 мамыр аралығында Павлодар облысының Баянауыл кентінде Қ. Сәтбаев атындағы ХІV аймақтық олимпиада өтті.
Қатысушылар математика, физика, химия, биология, география, информатика бойынша тапсырмаларды орындады.
Олимпиада көрнекті ғалым, Қазақстан ғылымының негізін қалаушы, еліміздің ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің құрметіне арналған.
Ақмола облысынан 6 дарынды оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды: 2 оқушы.
- Рамазанов Ансар -Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы, химия пәні бойынша
- Тюляев Кирилл - Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы, биология пәні бойынша.
Шын жүректен құттықтаймыз алдағы жаңа жеңістер тілейміз!!!
Просмотров: 284