ХХVIІ Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсының қорытынды кезеңінің қорытындысы

09.09.2026

2026 жылғы 21-24 маусым күндері Семей қаласында жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында ХХVIІ Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы өтті.

Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Абай оқулары 5 номинация бойынша өткізілді:

1) «Абайдың асыл мұрасы»

2) «Абайдың ақын шәкірттері»

3) «Әнді сүйсең менше сүй»

4) «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»

5) «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі»

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, алтын, күміс, қола медальдарымен, сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Абай облысының білім басқармасы.

Ақмола облысынан  6 оқушы қатысты:

  1. "Абайдың асыл мұрасы" номинациясы бойынша Жүсіпбек Іңкәр -  Бурабай ауданы, Мәдениет ауылының Есмағамбет Исмаилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің  9-сынып оқушысы;
  2. "Абайдың ақын шәкірттері" номинациясы бойынша Темірхан Гүлім -   Бурабай ауданы, Мәдениет ауылының Есмағамбет Исмаилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің  9-сынып оқушысы;
  3. "Әнді сүйсең менше сүй" номинациясы бойынша Амантай Нурали - Қосшы қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 - сынып оқушысы;
  4. "Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы" номинациясы бойынша Шакей Ілияс  -  Целиноград ауданы, Қоянды ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
  5. "Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі" номинациясы бойынша Ғажайып Каусар - Целиноград ауданы, Софиевка  ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
  6. "Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы" номинациясы бойынша Жүніс Балнүр  - Астрахан ауданы, Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

Байқаудың қорытындысы "Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі" номинациясы бойынша Целиноград ауданы, Софиевка  ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Ғажайып Каусар ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Грамотамен "Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы" номинациясы Астрахан ауданы, Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Жүніс Балнүр  марапатталды.

Қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Шын жүректен құттықтаймыз алдағы күшті жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 287


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу