«FIRST Robotics робототехника бойынша халықаралық біріншілігі 2026 FIRST Global Challenge Central Asia» ұлттық кезеңін өткізу туралы ақпарат
09.09.2026
2026 жылғы 23-26 тамыз аралығында Астана қаласында «FIRST Robotics робототехника бойынша халықаралық біріншілігі 2026 FIRST Global Challenge Central Asia» ұлттық кезеңін өтті. Жарыс Қазақ ұлттық спорт университетінің базасында өтті. Оған Қазақстанның әр өңірінен 40-қа жуық команда, сондай-ақ Өзбекстаннан келген қонақ командалар қатысты.
2026 жылы FIRST Global Challenge халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының тізбесіне енгізілді. Оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері «бакалавриат» санаты бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер бола алады.
Биыл қатысушылар орман өрттерінің алдын алу, олардың салдарын барынша азайту және зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру бойынша инжеренлік-технологиялық шемімдер әзірледі.
Ұлттық кезеңді USTEM Foundation қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, «Дарын» республикалық ғылыми-білім беру орталығының, Astana Hub халықаралық инновациялық кластерінің, сондай-ақ Astana Motors құрамына кіретін OMODA & JAECOO брендінің қолдауымен ұйымдастырды.
Іріктеу кезеңге 17 оқушы қатысты:
- Молдияр Абай – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, «SipiSix» командасы;
- Озлу Дамирали - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, «SipiSix» командасы;
- Ақай Али - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, «SipiSix» командасы;
- Зәбір Аңсар - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы, «SipiSix» командасы;
- Шалғынбекұлы Ұлағат - Ақмола облысы білім басқармасының Щучинск қаласының «Білім-инновация» IT-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, «Celestial» командасы;
- Каримжан Бадан - Ақмола облысы білім басқармасының Щучинск қаласының «Білім-инновация» IT-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, «Celestial» командасы;
- Алиби Амангелді - Ақмола облысы білім басқармасының Щучинск қаласының «Білім-инновация» IT-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, «Celestial» командасы;
- Кадралинова Амина - Ақмола облысы білім басқармасының Щучинск қаласының «Білім-инновация» IT-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, «Celestial» командасы;
- Сембай Ералы - Ақмола облысы білім басқармасының Щучинск қаласының «Білім-инновация» IT-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, «Celestial» командасы;
- Кошкер Айгул - Ақмола облысы білім басқармасының Щучинск қаласының «Білім-инновация» IT-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, «Celestial» командасы;
- Шортаева Асылжан - Ақмола облысы білім басқармасының Щучинск қаласының «Білім-инновация» IT-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, «Celestial» командасы;
- Суюнбеков Алдияр - Ақмола облысы білім басқармасының Щучинск қаласының «Білім-инновация» IT-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, «Celestial» командасы;
- Байдалы Қасымхан - Ақмола облысы білім басқармасының Iqanat High School of Burabay мектебінің 10-сынып оқушысы, «Red Lotus» командасы;
- Шакен Темірхан - Ақмола облысы білім басқармасының Iqanat High School of Burabay мектебінің 10-сынып оқушысы, «Red Lotus» командасы;
- Есенбаев Ерасыл - Ақмола облысы білім басқармасының Iqanat High School of Burabay мектебінің 10-сынып оқушысы, «Red Lotus» командасы;
- Чиханцов Илья - Ақмола облысы білім басқармасының Iqanat High School of Burabay мектебінің 10-сынып оқушысы, «Red Lotus» командасы;
- Тоқтамыс Асылай - Ақмола облысы білім басқармасының Iqanat High School of Burabay мектебінің 10-сынып оқушысы, «Red Lotus» командасы.
«SipiSix» командасы Engineering Documentation Award Winner марапатына ие болып, қола медальдарды жеңіп алды.
Engineering Documentation Award Winner номинациясын «Celestial» командасы иеленді.
«Red Lotus» командасы альянс капитаны ретінде финалист атанып, басқа командаларға көрсеткен ерекше көмегі мен ынтымақтастығы үшін Outstanding Support Winner Award марапатына ие болды.
Шакен Темірхан «Certificate of Completion» ие болды.