2021 жылдың 24-27 тамыз аралығында онлайн режимде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы 8-11 оқушыларына арналған ХХІІ республикалық Абай оқулары өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты − қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларның классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, сонымен Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттық рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
ХХІІ Республикалық Абай оқулары төмендегідей 6 номинацияда өтті:
1) «Өлең − сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы − Абай өлеңдерін жатқа оқу;
2) «Абайдың қара сөздері» номинациясы − Абайдың қара сөздерін жатқа оқу;
3) «Абай ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы − Ш.Құдайбердіұлы, А.Абайұлы, М.Абайұлы шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқу.
4) «Көңілім әнді ұғады» номинациясы − Абай, Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау;
5) «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы − өз шығармаларын мәнерлеп оқу;
6) «Ұлылар әлемі» номинациясы − Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу;
Абай оқуларына облыстық кезеңнен жүлделі орын алған еліміздің барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан қатысты. Аталмыш байқауға Ақмола облысынан 5 оқушы қатысты. Олар: «Өлең − сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Рашит Султана − Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы, «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Нуртаза Диас – Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы, «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Сабитова Меруерт – Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы, «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Төлеубай Райымбек – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Башарова Дарига – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы.
Байқаудың қорытындысы нәтижесінде ІІ дәрежелі дипломмен «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Сабитова Меруерт – Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы маратталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Төлеубай Райымбек – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы марапатталды.
Грамотаға ие болған оқушылар:
«Өлең − сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Рашит Султана − Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы;
«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Башарова Дарига – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Нуртаза Диас – Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
Байқаудың барлық жеңімпаздарын лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз, алдағы уақытта табыс тілейміз.