Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің базасында 2022 жылғы 8-9 наурызда 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған математикадан XXI Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өткізілді.
Өткен жылдан бастап Қазақстан Республикасы ресми түрде Түркиядан осы міндеттерді қабылдай отырып, математикадан XXI халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасының үйлестіруші елі болып табылады. Оған Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан 10 елдердің оқушылары қатысты.
Қазақстаннан жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық және қорытынды кезеңдерінің, сондай-ақ «Математика» пәні бойынша 2020-2021 оқу жылының 7-8 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер (юниор) олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен 136 оқушы қатысты.
Алматы қаласында өткізілген халықаралық математикалық олимпиадаға Ақмола облысынан 4 қатысушы қатысты:
1.Сейітханқызы Балжан - Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы.
2.Қабылбек Дидар - Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы.
3.Бахытбек Ахмедияр – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
4.Мукашев Әлихан – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Математикадан XXI Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасының қатысушысы Бахытбек Ахмедияр ІІІ орын жүлдегері атанды
Халықаралық олимпиададағы жеңісіңізбен құттықтаймыз және жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!!!