АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

2019 оқу жылының 9-13 маусым аралығындағы ХІІ республикалық математикалық «Бастау» турнирі

13.06.2019

        2019  оқу жылының 9-13 маусым аралығында Алматы қаласында бастауыш  сынып (2,3,4) оқушыларының арасында ХІІ Республикалық математикалық турнир «Бастау» өткізілді.

        Байқау мақсаты – математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш мектеп оқушыларын дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

        Аталмыш байқауда Ақмола облысының намысын қорғау үшін Көкшетау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің: 2 сынып оқушысы Қайырбек Бақытжан, 3 сынып оқушысы Мұратбек Ислам, 4 сынып оқушысы Құдайберген Әділетәли; №17 орта мектеп-гимназиясының: 2 сынып оқушысы Дорошенко Кирилл, 3 сынып оқушысы Есимсейтов Алан, 4 сынып оқушысы Лянной Роман қатысты.

         Байқау қорытындылары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

        «Математикалық бәйге» турынан ІІ дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласы №17 орта мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы Есимсейтов Алан және 4 сынып оқушысы Лянной Роман, 2 сынып оқушысы Дорошенко Кирилл грамотамен марапатталды. Сонымен қатар Көкшетау қаласы ІТ мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы Мұратбек Ислам және 4 сынып оқушысы Құдайберген Әділетәли грамотамен марапатталып, қатысушылардың барлығына сертификат берілді.

        Республикалық байқаудың барлық қатысушыларын лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз, болашақта толағай табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!   

Просмотров: 639


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст