АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

7-8 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысу туралы қорытынды ақпарат

18.05.2022

2022 жылғы 11-13 мамырда Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында 7-8 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және резерв құру.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін келесі пәндер бойынша өткізіледі: математика, физика, химия, биология және информатика. Барынша ашықтық пен академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында олимпиаданы өткізу процесі онлайн режимінде көру үшін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.

Олимпиада үш кезеңнен тұрады:

2022 жылғы 5 сәуір2163 ақмолалық оқушы аудандық (қалалық) кезеңге қатысты;

2022 жылғы 13 сәуір155 ақмолалық оқушы облыстық кезеңге, Щучинск қаласында қатысты.

Қорытынды кезеңге 10 дарынды ақмолалық оқушы қатысты:

1. Чернобровкина Дарья - «Математика» пәні бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 1 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы;

2. Мереке Закария - «Математика» пәні бойынша Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей- интернатының 8 сынып оқушысы;

3. Калимжанов Расул - «Физика» пәні бойынша Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей- интернатының 7 сынып оқушысы;

4. Мұратов Әліби - «Физика» пәні бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы,Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп- интернатының 8 сынып оқушысы;

5. Егінбай Акерке - «Химия» пәні бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Щучинск қаласы, ІТ «Білім-инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы;

6. Нурмурадова Жаннур - «Химия» пәні бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы;

7. Наби Жансая, «Биология» пәні бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласының №3 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы марапатталды;

8. Гирина Софья - «Биология» пәні бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Есіл қаласы №1 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы;

9. Нечайкин Кирилл - «Информатика» пәні бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 17 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы;

10. Амирдинов Султанбек - «Информатика» пәні бойынша Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей- интернатының 8 сынып оқушысы.

7-8 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы бойынша ІІІ орын – Егінбай Ақерке және Нечайкин Кирилл иеленді.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының алғыс хаттарымен марапатталды:

- химия пәнінің мұғалімі Байсалова Асылнур Жұмалықызы, Егінбай Ақерке дайындаған

- информатика пәнінің мұғалімі Михалева Елена Валерьевна, Нечайкин Кирилл дайындаған.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының грамоталарымен Амирдинов Султанбек, Мереке Закария және Наби Жансая марапатталды.

Марапаттармен құттықтаймыз және жаратылыстану ғылымдарын игеруде табыс тілейміз!!!

  

 

 

Просмотров: 297


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст