АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

5-11 сынып оқушыларына арналған ХХ республикалық Абай оқулары

02.09.2019

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 26-28 тамыз күндері «Абай және Шәкәрім» кесенесінің музей-кешенінде Білім беру ұйымдарының  Семей  қаласының Жидебай өлкесінде   8-11 сынып оқушыларына арасында ХХ республикалық Абай оқулары  өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты − қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, Абай және Шәкәрім шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Биыл Абай оқулары 20 жылдық мерейтойымен ерекшеленді. Осы 20 жыл ішінде 2300 қатысушы қатысып, олардың 1030 жүлдегерлер атанды. Бұл жастар үшін халық ағартушысының рухани мұрасы ерекше орын алатынын көрсетеді.

ХХ Республикалық Абай оқулары төмендегідей  6 номинациядан тұрды:

1) «Өлең − сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы − Абай, Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу;

2) «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы − өз шығармаларын мәнерлеп оқу;

3) «Көңілім әнді ұғады» номинациясы − Абай, Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау;

4) «Ұлылар әлемі» номинациясы − Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу;

5) «Абайдың қара сөздері» номинациясы − Абайдың қара сөздерін  жатқа оқу;

6) «Абай ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы −    Ш.Құдайбердіұлы, А.Абайұлы, М.Абайұлы шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқу.

Абай оқуларына облыстық кезеңнен жүлделі орын алған Қазақстанның барлық облыстарынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан командалар қатысты. Аталмыш байқауға Ақмола облысынан 5 оқушы  қатысты. Олар: «Өлең − сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша  Бауыржан Сұңқар − Бұланды ауданы, Елтай орта мектебінің 9 сынып оқушысы, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Сыздық Салтанат − Степногорск қаласы, А.Косарев атындағы №9 орта мектебінің  9 сынып оқушысы,   «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Елешқызы Шұғыла − Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы, «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Сулейменова Дильназ − Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы, «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Тасбулатова Жанна Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы.

Қорытынды кезеңге жалпы республика бойынша 132 оқушы, 23 жетекші қатысты.

 «Абай оқулары» байқауының қорытындысы нәтижесінде  ІІІ дәрежелі дипломдармен Ақмола облысынан екі  оқушы марапатталды:

1) Бауыржан Сұңқар − Бұланды ауданы, Елтай орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

2) Сыздық Салтанат − Степногорск қаласы, А.Косарев атындағы №9 орта мектебінің  9 сынып оқушысы;

Грамотамен Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Елешқызы Шұғыла марапатталды. Сонымен қатар, жүлдегерлерге  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының естелік сыйлықтар берілді. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Просмотров: 468


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст