АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Қ.Сәтбаев атындағы ІІІ Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

09.10.2019

2019 жылдың 9 қазанында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базасында  КСРО-ның Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан тұңғыш академигі, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.Сәтбаев атындағы химия пәнінен ІІІ Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

 Олимпиадаға Ақкөл, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Целиноград, Шортанды аудандарынан, Көкшетау қаласы және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 9 сынып оқушылары  қатысты.

Қ.Сәтбаев атындағы олимпиаданың мақсаты-міндеттері: дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін тереңдету, химия пәнін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Олимпиаданың қорытындысы нәтижесінде Көкшетау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы - Шакенова Сания алтын медаль иегері атанды.

 Шортанды ауданы, №1 Жолымбет орта мектебінің 9 сынып оқушысы - Яровая Анастасия мен  Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы - Жұматай Саяна күміс медаль иегерлері атанды.

Ал Бұланды ауданы, Макинск қаласының №3 орта мектебінің 9 сынып оқушысы - Половко Дарья, Бурабай ауданы, Зеленобор мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы - Дукенбаева Томирис, Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы - Есмуханов Алишер қола медальді қанжығаларына байлады.

Қ.Сәтбаев атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңініңІ, ІІ орын иегерлері Жезқазған қаласында А.О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің базасында 29-31 қазан аралығында өтетін республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне жолдама алды.

Жүлдегерлерімізге республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде сәттілік тілейміз!

Просмотров: 472


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст