17.10.2019
Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылдың 16 қазанында Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Облыс бойынша 12 ауданнан, мамандандырылған мектеп-интернаттарынан, Көкшетау, Степногорск қалаларынан барлығы 66 оқушы бақ сынасты. Әсіресе Жақсы, Шортанды, Атбасар аудандарынан келген оқушылар жақсы нәтижелерімен қуантты.
Конкурс 2 тур бойынша өткізілді:
І тур – Қазақстан тарихы бойынша тест тапсыру;
ІІ тур – 4 номинация бойынша:
- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы;
- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы;
- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы;
- «Менің туған өлкем» номинациясы.
Байқау қорытындысы бойынша келесі оқушылар алтын медаль иегерлері атанды:
- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Амренов Алмас - Атбасар ауданы, Мариновка қазақ орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша Кадыржанова Аружан – Көкшетау қ., С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Жакен Аннұр -Жақсы ауданы, Г.Абдрахманов атындағы Қима орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Қапсаллям Нұрәділет - Көкшетау қ., №3 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы.
Келесі оқушылар күміс медаль иегерлері атанды:
- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Азатбек Армангүл - Ақкөл ауданы, Өрнек орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Гранкин Александр - Жақсы ауданы, Белағаш орта мектебінің 9 сынып оқушсы;
- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша Шауалиева Кенжегүл - Бурабай ауданы, Щучье қаласы, №7 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша Қаппасова Асылтас - Бұланды ауданы, Макинск қаласы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы;
- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша – Асанов Жаслан - Егіндікөл ауданы, Егіндікөл орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- «Кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Кравченко Владимир - Атбасар ауданы, №2 Атбасар орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Малчыбай Айнұр - Шортанды ауданы, Степной орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Габдулхакова Альбина – Атбасар ауданы, №1 Атбасар орта мектебінің 10 сынып оқушысы.
Төмендегі оқушылар қола медаль иегерлері атанды:
- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Хамит Қайыргелды - Жарқайың ауданы, Пятигорск орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Шортанды ауданы, Степной орта мектебінің 10 сынып оқушысы -Олжабай Шыңғыс;
- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Сыдық Жарқынай - Целиноград ауданы, Ы.Алтынсарин орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша Жақсы ауданы, Лазовск орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Буховец Яна;
- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша Мурат Жанерке - Шортанды ауданы, Бозайғыр орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша Целиноград ауданы, Қоянды орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Ертай Аякөз;
- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Қайратбек Құлия - Бурабай ауданы, Щучье қаласы №7 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы Сандықтау ауданы, Веселое орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Құрманғали Ермек;
- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Мухиденова Айым - Шортанды ауданы, Степной орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Бұланды ауданы, Шұбарағаш орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Сұлтанбек Еркеназ;
- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Мосейчук Елизавета - Жарқайың ауданы, Уәлиханов орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы – Сағынбай Гүлназ.
- келесі оқушылар марапатталды:
- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Бұланды ауданы, Никольск орта мектебінің 10 сынып оқушысы - Нагорный Иван;
- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Сандықтау ауданы, Приозерное орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Денисов Даниил;
- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша Ақкөл ауданы, №2 Ақкөл орта мектебінің 10 сынып оқушысы - Бондаренко Егор;
- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы – Төлеубаев Ильяс;
- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Ақкөл ауданы, Еңбек орта мектебінің 10 сынып оқушысы - Штайн Николай;
- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы – Жастлекова Томирис;
- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Қорғалжын ауданы, Арықты орта мектебінің 10 сынып оқушысы - Қыздарбекова Дильназ;
- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Бурабай ауданы, Щучье қаласы №7 мектеп-лицейінің Шұбарағаш орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Ташибаева Аяжан.
Облыстық кезеңнің І орын иегерлері (4 қатысушы) 1-3 қараша күндері Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында өткізілетін республикалық байқаудың қорытынды кезеңіне жолдама алады.
Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Әлі талай жетістіктеріңізбен қуанта беріңіздер!