18.11.2019
Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында 2019 жылдың 14-16 қараша аралығында Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі екі турда өткізіледі. Бірінші тур – жобаны қорғау, екінші тур – бейіндеу пәндері бойынша тестілеу.
Аталмыш байқауға 226 ғылыми жоба тапсырылып, оның 142 сараптамадан өтті. Байқауға Ақмола облысының барлықаудандарынанжәнеКөкшетау, Степногорск қалалары мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 176 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломдармен келесі оқушылар марапатталды:
- "Физика" секциясы бойынша Азатбек Армангүл - Ақкөл ауданы, Өрнек орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- «Техника» секциясы бойынша Сысоев Кирилл – Бурабай ауданы, Щучье қаласы №8 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;
- "Жер және ғарыш туралы ғылым" секциясы бойынша Шлейнингер Никита - Бурабай ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- «Математика» секциясы бойынша Магрупов Асан – Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;
- "Қолданбалы математика" секциясы бойынша Итжанова Аяжан және Зинолла Жасмин - Көкшетау қаласы, №21 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары;
- «Информатика» секциясы бойынша Молдахметов Алишер және Сартаев Расул – Бұланды ауданы, Макинск мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары;
- "Биология" секциясы бойынша Нурадимбаева Дамира және Анкатова Махаббат – Шортанды ауданы, В.П.Кузьмин атындағы Дамса орта мектебінің 10 сынып оқушылары;
- «Химия» секциясы бойынша Макишев Нурхан – Көкшетау қаласы, №6 орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- "Қоршаған ортаны қорғау" секциясы бойынша Жанибек Дана-Зеренді ауданы, Ақадыр орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- «Тарих» секциясы бойынша Тайжан Елдар - Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;
- "Өлкетану" секциясы бойынша Гранкин Александр - Жақсы ауданы, Белағаш орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- «Тіл білімі» секциясы бойынша Маралов Бахтияр – Көкшетау қаласы, №19 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- "Әдебиет" секциясы бойынша Төлеген Ерназ - Көкшетау қаласы, "Білім-инновация" лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- «Этномәдениеттану» секциясы бойынша Жантасов Ильяс – Ерейментау ауданы, Торғай орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- "Адам. Қоғам. Құқық" секциясы бойынша Зулкарнаева Аружан – Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы.
Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлері 2019 жылғы 11 желтоқсанда Республика бойынша он-лайн режимде бейіндік пәндерден өтетін байқаудың 2 турына қатысады.
Жүлдегерлерімізге сәттілік тілейміз!