Текст
Бүгін, яғни 2019 жылдың 5 желтоқсанында аудандарда 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 1 туры өткізілуде. Желтоқсанның 6 күні аудандық кезеңнің 2 туры өткізіледі.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білімнің беделін көтеру болып табылады.
Осы олимпиадаға Ақмола облысының барлық аудандары қатысуда.
Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!