Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2022 жылдың 29-30 қараша аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен «Абайтану» V Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін онлайн түрде өткізді.
Олимпиаданың мақсаты - М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Олимпиадаға Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бурабай, Біржан сал, Есіл, Зеренді, Целиноград, Шортанды аудандарынан, Көкшетау және Қосшы қаласынан, сондай-ақ Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатынан, және Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатынан 28 оқушы қатысты.
Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар эссе жазды, екінші кезеңде қатысушылар Абай Құнанбаевтың шығармалары, сондай-ақ Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романының мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша қатысушылар келесі нәтижелерді көрсетті:
І-дәрежелі диплом иегерлері:
1. Сьезбек Шалхар - Астана қаласының №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
2. Мұса Ұлас - Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
3. Аленхан Дильназ - Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мамандандырылған "Болашақ" мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы.
ІІ-дәрежелі диплом иегерлері:
1. Бодаубайқызы Аружан - Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының жалпы орта білім беретін №2 мектебінің 9-сынып оқушысы;
2. Капбасова Алуа - Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі, Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
3. Ризабек Айсана - Астана қаласының №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
4. Ерланқызы Ақбөпе - Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Үлгі ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
5. Тасболат Алтынгүл - Көкшетау қаласының № 16 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.
ІІІ-дәрежелі диплом иегерлері:
1. Серік Аяжан - Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
2. Еркін Ақбота - Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мамандандырылған "Болашақ" мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;
3. Құрман Әділбек - Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, «Білім – инновация» ІТ лицей- интернатының 10-сынып оқушысы;
4. Альмерденова Аружан - Көкшетау қаласының № 13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
5. Ержанова Айым - Қосшы қаласы Р.Қошқарбай атындағы №1 орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
6. Сұлтанбай Биназар - Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Сепе ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
7. Рашит Султана - Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;
8. Ишанғалиев Диас - Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.
Грамота иегерлері:
1. Абжанова Меруерт - Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Макинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
2. Хамзаева Айжан - Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мамандандырылған "Болашақ" мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
3. Серікбай Сая - Қосшы қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.
І дәрежелі диплом иегерлері V «Абайтану» олимпиадасының республикалық кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.
Жеңіспен құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!!!