2023 жылғы 13-18 ақпан аралығында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі өтті.
Олимпиада екі бағыт бойынша өтті: ЖМБ (13-15 ақпан) және ҚҒБ (16-18 ақпан) екі турдан, өткізу кестесіне сәйкес екі-үш лекпен, пән бойынша, классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде. Үшінші кезең «1 компьютер-1 оқушы-1 камера» қағидаты бойынша өткізілді.
Олимпиада электрондық форматта respa.daryn.kz сайтта ақпараттық жүйесінде вебкамера, фотофиксациямен прокторинг сервисін қолданумен әр минут сайын түсіру арқылы өтті. Олимпиаданы өткізудің барлық процесі жазумен және тікелей эфирмен Youtube арнасында қамтамасыз етілді.
Олимпиада бойынша тапсырмаларды «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдістемелік кеңесі құрастырды және бекітті. Тур аяқталғаннан кейін дұрыс жауаптар «Дарын» РҒПО интернет-ресурсында орналастырылды. Барлық атқарылған жұмыстар тапсырмалардың ағып кету қаупін азайтады және қатысушылардың әділ іріктелуіне ықпал етті.
Қатысушыларға тапсырмаларды алу үшін жеке логин мен құпиясөз және жауап парақшалары берілді. Логин мен пароль республика бойынша бірыңғай уақытта respa.daryn.kz сайтынан тапсырмалар алу үшін пайдаланылады.
Олимпиаданы өткізудің ашықтығы мен академиялық адалдығын бақылау үшін жергілікті жерлерде мүдделі емес «үшінші тұлғалар» (ата-аналар комитетінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, журналистер) қатысты.
Қазылар алқасының құрамына аталмыш университеттің үздік педагогтері – физика-математика, химия-биология, жаратылыстану ғылымдарының докторлары, филология, гуманитарлық ғылымдарының докторлары, кандидаттары, PhD докторлары, магистрлері болды.
2023 жылғы 13-14 ақпан аралығында олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы (ЖМБ) 6 пән бойынша өтті: математика, физика, химия, биология, география, информатика. Жоспар бойынша олимпиадаға 152 оқушы қатысуы керек еді, іс жүзінде 148 оқушы қатысты.
Тур аяқталғаннан кейін олимпиадаға қатысушылардың барлық жұмыстары сканерленді, иесіздендірілді және Google Drive-қа жүктелді. Қатысушылардың жұмысын қазылар алқасы шифрланған түрде тексерді.
2023 жылғы 15 ақпанда ЖМБ пәндері бойынша олимпиаданың 68 қатысушысы офлайн режимде апелляциялық рәсімнен өтті.
ЖМН пәндері бойынша олимпиаданы өткізу қорытындысы бойынша барлығы 81 жүлдегер: І орын-18; орын – 18; ІІІ орын – 46; грамота - 6.
Жүлделі орындардың санына сәйкес ЕМН пәндері бойынша ІІІ кезеңнің үздік командалары анықталды: «Білім-инновация» лицей-интернатының командасы, Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернатының командасы, Ақмола облысы білім басқарамсының «IQanat High School of Burabay» мектебінің командасы.
2023 жылғы 16-17 ақпан аралығында олимпиада қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өтті: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі.
Жоспар бойынша олимпиадаға 248 оқушы қатысуы керек еді, іс жүзінде 241 оқушы қатысты.
2023 жылғы 18 ақпанда ҚҒБ пәндері бойынша олимпиаданың 85 қатысушысы офлайн режимде апелляциялық рәсімнен өтті.
ҚҒБ пәндері бойынша олимпиаданы өткізу қорытындысы бойынша барлығы 113 жүлдегер: және орын – 25; орын – 24; ІІІ орын – 64; грамота - 13.
Жүлделі орындардың санына сәйкес ҚҒБ пәндері бойынша ІІІ кезеңнің үздік командалары анықталды: Көкшетау қаласының командасы, Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының командасы, Степногорск қаласының командасы.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы олимпиадалар мен байқауларда, биік белестерді бағындыруда сәттілік тілейміз!!!