Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 9-11 cәуір аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ХХIV «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңін өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты:
- жас ұрпақты қазақ әдебиетінде ерекше орын алатын ақынның шығармаларымен таныстыру;
- қатысушылардың өздері жазған әдеби шығармаларға қызығушылықты арттыру;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, ақын поэзиясының рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тарихи мұраны қалыптастыру.
Байқауға Ақмола облысының 17 ауданынан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 106 оқушы қатысты.
Конкурс 6 номинация бойынша өткізілді.
1) «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»
2) «Абайдың қара сөздері»
3) «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»
4) «Көңілім әнді ұғады»
5) «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
6) «Ұлылар әлемі»
ХХIV «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінің 33 жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, сыйлықтарымен және медальдарымен марапатталды: І-6, ІІ-10, ІІІ-17, грамота-12. Абай оқуларынан 1-орын қатысушылар иеленіп, Республикалық кезеңде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.
І-дәрежелі дипломымен марапатталады:
1. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Сашкақызы Камила - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;
2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Серік Ардагер -Целиноград ауданы, Қоянды ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Дәулет Іңкәр - Бурабай ауданы, Қызылағаш ауылының Абылайхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
4. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша - Рахимова Нурай - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты 9-сынып оқушысы;
6. «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Ахмет Аружан - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 10-сынып оқушысы.
ІI-дәрежелі дипломымен марапатталады:
ІІI-дәрежелі дипломымен марапатталады:
Грамотамен марапатталады:
1. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Темербеков Сағыныш - Астрахан ауданы Петровка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
2. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Айтжан Мақсутхан - Ерейментау ауданы, Бозтал ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
3. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Галимова Айсулу - Зеренді ауданы, Васильковка ауылының негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы;
4. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Ілияс Ақерке - Ақкөл ауданы, Қына ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
5. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Жиынбек Салтанат - Бұланды ауданы, Никольск ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
6. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Хиса Мөлдір - Астрахан ауданы, Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
7. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Федоренко Регина - Жақсы ауданы, Жақсы ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
8. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Сәрсенби Аян - Шортанды ауданы, Новоселовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
9. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Нурлан Зарина - Астана қаласының "Дарын" №2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
10. «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Құрман Әділбек - Щучинск қаласының «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
11. «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Болатбек Жанбота - Шортанды ауданы, Новокубанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
12. «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Дәулетқызы Баян - Астана қаласының "Дарын" №2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарды мен жүлдегерлер құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!!!