Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 9-11 сәуір аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ХХIV «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі және ХІІІ «Махамбет оқулары» облыстық байқауын өткізілді.
Топ жетекшілерімен «Ақмола дарыны» педагог-психологымен «Біздің эмоцияларымыз» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Команда қатысушыларымен «Болашақты таңдағанда» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Еліміздегі ең ірі педагогикалық отрядтардың бірі – «Думан» педагогикалық отрядының тәлімгерлерімен командалардың қатысушыларымен флешмоб ұйымдастырылды.
ХХIV «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінің негізгі мақсаттары:
- жас ұрпақты қазақ әдебиетінде ерекше орын алатын ақынның шығармаларымен таныстыру;
- қатысушылардың өздері жазған әдеби шығармаларға қызығушылықты арттыру;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, ақын поэзиясының рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тарихи мұраны қалыптастыру.
Байқау 6 номинация бойынша өткізілді:
1) «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»
2) «Абайдың қара сөздері»
3) «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»
4) «Көңілім әнді ұғады»
5) «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
6) «Ұлылар әлемі»
Байқауға аудандардан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 106 оқушы қатысты.
ХХIV «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінің 33 жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, сыйлықтарымен және медальдарымен марапатталды: І-6, ІІ-10, ІІІ-17, грамота-12. Абай оқуларынан 1-орын қатысушылар иеленіп, Республикалық кезеңде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.
ХІІІ «Махамбет оқулары» облыстық байқауын негізгі мақсаттары:
- ақынның шығармашылық мұрасымен таныстыру және оны оқушылар арасында насихаттау, қатысушылардың өздері жазған әдеби шығармалардың өсуіне ықпал ету;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, ақын поэзиясының рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тарихи мұраны қалыптастыру.
Байқау 3 номинация бойынша өткізілді:
1) «Ел құтқарар едім»
2) «Тартынбай сөйлер асылмын...»
3) «Ұлы арман»
Байқауға аудандардан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 41 оқушы қатысты.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша – 18 жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, сыйлықтарымен және медальдарымен марапатталды: І-3, ІІ-6, ІІІ-9, грамота-4.
Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарды мен жүлдегерлер құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!!!