АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

«Мен Қазақстанды не үшін сүйемін?..» атты республикалық шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша ақпарат

13.04.2023

2023 жылғы 27 ақпанда жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 қазақ сынып оқушылары арасында республика көлемінде өткізілетін «Мен Қазақстанды не үшін сүйемін?..» атты шығармашылық байқау өткізді.

Байқауды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты ұйымдастырды.

Ақпараттық қолдаушылар: «Қазақ және Шалқар радиолары», «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Хабар» телеарнасы, «Астана» арнасы, «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «Абай.кз» ақпараттық порталы, т.б.

Байқаудың негізгі мақсатты:

-оқушы бойындағы туған өлкесіне, қазақ еліне деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру;

-әрбір білім алушының Қазақстанға қандай үлес қоса алатындағы туралы ой салу:

-оқушылардың креативті ойлау деңгейін анықтау;

-өмірде алған білімдерін қолдана алуға бағыттай отырып, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқаудың негізгі міндеттері:

-шығарма жазу барысында қазақ елінің ұлттық және тарихи құндылықтарының мәні мен маңызын аша отырып, ой-пайымын түйіндей білуге бейімдеу;

-қазақ елінің мемлекеттік тілін құрметтей, қадірлей, сақтай білуге баулу;

-білім алушылардың еліне деген құрметін сезінуге, бағалай білуге бағыттай отырып, креативті ойлауын қалыптастыру.

Республикалық байқауға:

  • Әр облыс пен қаланың атынан 6 оқушыдан:  9-сынып–2 оқушы, 10-сынып – 2 оқушы, 11-сынып – 2 оқушы;
  • Әр өңірден ашылған желілік «Абай мектептерінен» 9-сынып – 1 оқушы, 10-сынып – 1 оқушы, 11-сынып – 1 оқушы;
  • Зияткерлік мектептерден 9-сынып – 1 оқушы, 10-сынып – 1 оқушы, 11-сынып – 1 оқушы қатысып, бағын сынады.

 Байқау бір ғана кезеңнен тұрды. Әр облыстан және арнайы мектептерден іріктелген оқушылар өз өңіріндегі «Дарын» орталығына барып,  «Мен Қазақстанды не үшін сүйемін?..» тақырыбында шығарма жазды. Байқауды Google Meet платформасы арқылы Абай атындағы РММИ-дан сайланған комиссия бақылап отырды. Шығарманың сканерленген нұсқасы Абай атындағы республикалық мектеп-интернатының жауапты маманына жіберіліп, жұмыстарды арнайы сайланған қазы алқалары тексерді.

 Аталған байқаудың республикалық кезеңіне қатысу үшін  Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы іріктеу өткізді. Іріктеуге облыс бойынша Ақкөл, Астрахан, Бұланды, Бурабай, Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандары мен Қосшы, Көкшетау қаласы және  «№ 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты мен Щучинск  қаласының «Білім-инновация» IT лицей-интернатынан 26 оқушының жұмысы қабылданып, республикалық кезеңге 6 қатысушының жұмысы таңдалды.

         Республикалық байқаудың нәтижесінде төмендегі оқушылар тиісті орындаға ие болды:

Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернатының 11-сынып оқушысы Аленхан ДильназII орын.

Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Казбекова НазеркеIII орын.

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Новокубанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Болатбек ЖанботаIII орын.

Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Лозовое ауылының жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Әділбек ДілназIII орын.

         Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 178


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст