2023 жылғы 4-5 мамырда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейі ғимаратындағы көпфункционалды залда «Robotek Grand Tournament 2023» робототехника бойынша республикалық турнирі өтті. Турнирді «Дарын» РҒПО-ның қолдауымен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Astana IT University, «Нұрсұлтан Назарбаев» Қоры, «Роботек» робототехника мектебі ұйымдастырып өткізді.
Турнирдың негізгі мақсаты мен міндеті роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, ғылыми-техникалық шығармашылық, бағдарламалау, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету болып табылады.
Турнирға Ақмола облысының атынан робототехникамен айналысатын 14 оқушы қатысты. Олар «Robotek Grand Tournament 2023» робототехника бойынша республикалық турнирінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары.
Қатысушыларды әр түрлі жас санаттарында командалық жарыстардың 7 түрі (бір командада 2 қатысушы) күтті: Робо-сумо, Кегельринг-квадро, Желі бойынша жарыс, Биатлон – кіші санат, Биатлон – жоғары санат, Эстафета, Лабиринт.
Турнир қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломдармен, алтын медальдармен, турнирдің алтын кубогымен, 100 000 теңгелік сертификатпен және 2023-2024 жылдарға арналған мектептер үшін С-5, С-6 деңгейлеріндегі ROBOTEK.PRO оқу платформасына тегін 3 айлық жазылым - «Кегельринг-квадро» номинациясы бойынша, «Джон Сина» командасы, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы "Bolashaq Saraiy" - ының тәрбиеленушілер Жылқайдар Асылхан және Бұлат Әбілмансұр марапатталды.
«Robotek Grand Tournament 2023» робототехника бойынша республикалық турнирінің жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!!!