1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды. Олардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.
Аталған шара аясында оқушылар резиденцияның бірінші қабатындағы Орталық салтанатты холл мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған «Салтанат» залын, түрлі жиындар өтетін «Шығыс», «Мрамор», «Алтын» «Доғал» және басқа да келіссөздер залдарын тамашалады, сондай-ақ кітапхананы аралап көрді. Бұдан бөлек, оқушылар еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректермен танысты.
Ақмола облысынан республикалық олимпиадалардың 3 жеңімпазы мен жүлдегері қатысты:
1.Ким Камила - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы: жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар байқауының І-орын дәрежелі диплом иегері, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы секциясы бойынша, «Саморазлагаемый биоматериал из чешуи рыб»; Лингвистика бойынша республикалық олимпиадасының І-орын дәрежелі диплом иегері, Лингвистика бойынша халықаралық олимпиадаға (IOL) Қазақстан Республикасының құрамасына кірді.
2. Хусайн Шахизат - Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы: жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар байқауының ІІІ-орын дәрежелі диплом иегері, физика секциясы бойынша, «Жоғары биіктіктегі жел генераторы».
3. Талғат Мақсат - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 17 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы, 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» XVIІI республикалық байқауының облыстық кезеңінің І-орын дәрежелі диплом иегері, «Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы бойынша, жоба тақырыбы: «Создание филамента для 3 D принтера»;
t.me/aqorda_resmi