2023 жылғы 9-13 маусым күндері Алматы қаласындағы Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІ республикалық математикалық олимпиадасын өтті.
Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту.
Олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», Республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығынан, жеке білім ұйымдарының Республикалық қауымдастық мектептерінен 150-ге жуық 2-4 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиада командалық сайыс түрінде 2 кезеңде өткізілді: 1 кезең – аймақтық, 2 кезең – Республикалық.
Олимпиаданың Республикалық кезеңі 3 тур бойынша өтті:
1 тур – «Әу, баста» (командалық есеп);
2 тур – «Асық» (командалық есеп);
3 тур – «Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).
Олимпиаданың тапсырмалары математикалық логикаға негізделді, олар дұрыс талқылауды, дұрыс ойлауды және дұрыс шешім қабылдауды үйретті.
Ақмола облысынан 6 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен марапатталды:
1.Залетден Нұрәли - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;
2.Рахимбергенов Данияр - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;
3. Сактаганов Хаким - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 3-сынып оқушысы.
Грамоталармен марапатталды:
1. Салимов Торехан - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 4-сынып оқушысы;
2. Сактаганов Темирлан - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 2-сынып оқушысы.
Қатысқаны үшін сертификатпен Жанибекова Сайора - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы марапатталды.
Ақмолалық математика ғылымдарының жас мамандарын шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!