2020 жылғы 24-26 ақпан аралығында Бурабай ауданы, Звездный 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Тіл дарыны» байқауы өтті.
Байқауға Ақмола облысының аудандарынан Көкшетау, Степногорск қалаларынан және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаттарынан барлығы 69 оқушы қатысты.
Байқаудың мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген оқушыларды қолдауға бағытталған өткізу жүйесі арқылы оқушылардың көпмәдениеттік тұлғасын қалыптастыру. Бұл байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді. Іскерлік және халықаралық коммуникацияларға арналған құрал ретінде тілдерді меңгеру деңгейін,Үш тілді мемлекеттік саясат ретінде насихаттау, Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, оқушылардың тілдерді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін дамыту. Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.
Бұл байқау Қазақстанда көптілді білім беруді енгізудің Ұлттық жоспарына қолдау болды.
Байқау қорытындысы бойынша:
1 орындар – 4;
2 орындар – 8;
3 орындар – 12;
Грамоталар – 8.
Облыстық байқаудың барлық қатысушыларын лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз, алдағы уақытта табыс тілейміз.