Қазақстандық оқушылар Болгарияның Банско қаласында 2023 жылғы 23-30 шілде аралығында өтетін лингвистикадан халықаралық олимпиадаға (ІОL-2023) қатысуда деп хабарлайды @rspc_daryn.
Лингвистика бойынша халықаралық олимпиада – мектеп оқушылары арасында теориялық, математикалық және қолданбалы лингвистика бойынша жыл сайынғы жарыс. Сайыс жеке және командалық екі кезеңнен тұрады. Алдымен жеке кезең өткізіледі. Онда әрбір қатысушы бес лингвистикалық тапсырманы шешіп, жауаптарын қағаз жүзінде ұсынады. Командалық кезең бір ғана ерекше және күрделі лингвистикалық мәселені шешуге арналған. Олимпиадада тілдердің салаларын білу талап етілмейді: тіпті ең қиын тапсырмалар тек логикалық тұрғыдан ойлай білуді, қабілеттілікті, шыдамдылықты қажет етеді.
🖇️Ең алғашқы рет олимпиада 2003 жылы Болгарияда өтті, ал Қазақстанның құрама командасы 2015 жылдан бері қатысып келеді.
👨🎓Қатысуға төрт оқушыдан және бір жетекшіден тұратын командалар шақырылады.
💎Биылғы жылы құрама команда қатарында:
🌟 Камила Ким - Абай атындағы дарынды балаларға арналған (қазақ тілінде оқытатын) № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы, Көкшетау қаласы (жетекшісі – Жетпісбаева Көгершин Баймұратқызы - Абай атындағы дарынды балаларға арналған (қазақ тілінде оқытатын) № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының орыс тілі мен әдібиет пәнінің мұғалімі);
🌟Ахмет Шайман - Павлодар қаласының химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;
🌟Аида Давлетова - Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;
🌟Дархан Поезканов - Семей қаласының химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы;
🌟 Смирнова Варвара - команданың жетекшісі, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.
✨Қазақстан құрама командасының мүшелеріне сәттілік тілейміз және жеңіске жететіндеріне сенім артамыз!
@rspc_daryn айтуынша, олимпиадаға қатысқан жылдары еліміздің құрама командасы 10 марапатқа ие болды, оның 5-і қола медаль және 5-і құрмет грамотасы.