17.10.2023
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастырумен 2023 жылғы 15-17 қазан аралығында Сандықтау ауданының Сандықтау ауылында «Жасдәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VІ республикалық интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау.
Байқауға 16 ауданнан, Көкшетау және Қосшы қалаларынан және 4 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттан облыстық кезеңге мектепішілік және аудандық (қалалық) кезеңдерде іріктеуден өткен 81 оқушы қатысты.
Байқау екі тур бойынша өткізілді:
І тур – Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары орындалды
ІІ тур - 4 номинация бойынша өткізілді:
-«Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясы;
-«Шағын Отанымның символы» номинациясы;
-«Менің шағын Отанымның болашағы» номинациясы;
-«Менің туған өлкем» номинациясы.
І-дәрежелі диплом иегерлері атанды:
- "Менің шағын Отанымның тарихы" номинациясы бойынша Ақтай Нұрсаид - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
- "Шағын Отанымның символы" номинациясы бойынша Байдолла Аризат - Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
- "Менің шағын Отанымның болашағы" номинациясы бойынша Талант Нұрбек - Шортанды ауданы, Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- "Менің туған өлкем" номинациясы бойынша Мусаева Ақбота - Қосшы қаласы, Қосшы қаласының IT мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.
ІІ-дәрежелі дипломға келесі оқушылар ие болды:
- "Менің шағын Отанымның тарихы" номинациясы бойынша Асқар Ақерке - Зеренді ауданы, Еленовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- "Менің шағын Отанымның тарихы" номинациясы бойынша Байқадам Жансұлу - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
- "Шағын Отанымның символы" номинациясы бойынша Қабдуахит Нұрасыл - Есіл ауданы, Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- "Шағын Отанымның символы" номинациясы бойынша Мусабекова Ақерке - Қосшы қаласы, Қосшы қаласының IT мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
- "Менің шағын Отанымның болашағы" номинациясы бойынша Аманбек Гүлайым - Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебішнің 10-сынып оқушысы;
- "Менің шағын Отанымның болашағы" номинациясы бойынша Исламбекова Аружан - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
- "Менің шағын Отанымның болашағы" номинациясы бойынша Төлеубай Іңкәр - Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
- "Менің туған өлкем" номинациясы бойынша Куанышева Айнаш - Зеренді ауданы, Симферополь ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- "Менің туған өлкем" номинациясы бойынша Габдулова Адема - Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 9 сынып оқушысы.
ІІІ-дәрежелі дипломға келесі оқушылар ие болды:
- "Менің шағын Отанымның тарихы" номинациясы бойынша Мұхтар Әліби - Қорғалжын ауданы, Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- "Менің шағын Отанымның тарихы" номинациясы бойынша Кенжеболат Арай - Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- "Менің шағын Отанымның тарихы" номинациясы бойынша Бакиденова Дания - Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
- "Шағын Отанымның символы" номинациясы бойынша Капаров Нұрмат - Біржан сал ауданы, Мамай ауылының негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы;
- "Шағын Отанымның символы" номинациясы бойынша Зейнуллина Айсана - Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы;
- "Шағын Отанымның символы" номинациясы бойынша Баймурат Малика - Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
- "Менің шағын Отанымның тарихы" номинациясы бойынша Мухтар Аяна - Аршалы ауданы, Жібек Жолы ауылының мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
- "Менің шағын Отанымның болашағы" номинациясы бойынша Бақытжан Наурызбай - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
- "Менің шағын Отанымның болашағы" номинациясы бойынша Бактибек Ислам - Есіл ауданы, Есіл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- "Менің туған өлкем" номинациясы бойынша Жексенби Аян - Бұланды ауданы, Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
- "Менің туған өлкем" номинациясы бойынша Спиридониди Владлена - Сандықтау ауданы, Балкашин ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- "Менің туған өлкем" номинациясы бойынша Асанбай Аянат - Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- "Менің туған өлкем" номинациясы бойынша Аманжол Аяжан - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы.
Грамоталардың иегерлері келесі оқушылар:
- "Менің шағын Отанымның тарихы" номинациясы бойынша Әбілқас Мадина - Қосшы қаласы, Қосшы қаласының IT мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
- "Шағын Отанымның символы" номинациясы бойынша Боровик Дина - Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- "Шағын Отанымның символы" номинациясы бойынша грамотамен Мұхтар Жанерке - Целиноград ауданы, Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- "Менің шағын Отанымның болашағы" номинациясы бойынша Бекжанова Асылжан - Бурабай ауданы, Златополье ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- "Менің туған өлкем" номинациясы бойынша Рогоза Ксения - Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының № 4 жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнің 10-сынып оқушысы;
- "Менің туған өлкем" номинациясы бойынша Сыздыкова Жансая - Біржан сал ауданы, Степняк қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс және алдағы уақытта жеңістер тілейміз!