2023 жылғы 29 қазан – 1 қараша аралығында Ақтөбе қаласында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VІ республикалық интеллектуалдық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың шағын Отанына деген мақтанышын арттыру.
Республикалық кезеңде еліміздің барлық өңірлерінен 9-10 сыныптың 88 оқушысы бақ сынсады. Ақмола облысынан 3 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен «Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Ақтай Нұрсаид - Ақмола облысының «Білім-инновация» 10-сынып оқушысы марапатталды.
Грамотамен «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Мусаева Ақбота-Қосшы қаласының IT мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы марапатталды.
Шын жүректен құттықтаймыз!!!