АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың қорытындысы туралы

24.11.2023

2023 жылдың 21-24 қарашасында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде республиканың білім беру ұйымдарының 11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша ХVІ Президенттік олимпиада өтті. Зияткерлік олимпиадаға республиканың барлық өңірлерінен 199 оқушы қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: дарынды оқушыларды анықтау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету, одан әрі интеллектуалды даму және кәсіби бағдар беру.

Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология.

Қорытынды кезеңге іріктеу кезеңінен сәтті өткен Ақмола облысының 8 оқушысы қатысты:

Прокудина Валерия, Жакишев Арсен, Гомзикова Дарья - Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы, №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернатының 11-сынып оқушылары;

Арсекеев Ернар – Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

Советов Асылбек -      Ақмола облысы білім басқармасы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Қаирбек Ақнұр,  Кәрім Нұрсұлтан,  Шевчук Олег –Iqanat High School of Burabay мектебінің 11-сынып оқушылары.

Олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталып, сондай-ақ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің бір жылдық білім беру гранттары Прокудина Валерия және Гомзикова Дарья табысталды. Жакишев Арсен грамотамен марапатталды.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына қатысушы сертификаттары мен «Сарыарқа дарыны» және «Дарын» РҒПО бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі сәттілік тілейміз!!!

Просмотров: 1468


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст