АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың үшінші кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

26.01.2024

2024 жылғы 21-25 қаңтар аралығында Астана қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытынды кезеңі «Думан» қонақ үйінің базасында ұйымдастырылды.

Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.

Олимпиадада ІІ іріктеу кезеңінің 24 жеңімпазы Ақмола облысының намысын қорғады.

               Күміс медальмен және ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Целиноград ауданы, Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Ідіріс Ақбөбек марапатталады, сондай-ақ ол Халел Досмұхамедов  атындағы Атырау университетінің білім грантының иегері атанды.
  2. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Целиноград ауданы, Ыбырай Алтынсарин ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Инкар Арайлым марапатталады, сондай-ақ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің грант иегері атанды.

       Қола медальмен және ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Бурабай ауданы, Бурабай кентінің Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Тупицына Виктория.
  2. «Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі» пәні бойынша Есіл ауданы, Свободный ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Дедейко Надежда.
  3. «Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі» пәні бойынша Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Жанболат  Жұлдыз.
  4. «Құқық негіздері» пәні бойынша Бурабай ауданы, Абылай хан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Есмагулова Дильназ.
  5. «Ағылшын тілі» пәні бойынша Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Джумабаев Ренат.
  6. «Ағылшын тілі» пәні бойынша Ақкөл ауданды, Енбек ауылының Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Кадырова  Анель.

Грамотамен марапатталды:

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Каптысалямова  Сабина.
  2. «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Бурабай ауданы, Веденовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Шмидт Виктория.
  3. «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Зеренді ауданы, Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Шляйгер Даниела.
  4. «Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі» пәні бойынша Есіл ауданы, Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Оспан Айлина.
  5. «Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі» пәні бойынша Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Елеукен  Ансар.
  6. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Жақсы ауданы, Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Жалбыр Арайлым.
  7. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Серикова Дильназ.
  8. «Ағылшын тілі» пәні бойынша Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Увахит Рамина.

Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 810


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст