Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылғы 7-9 ақпан аралығында Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі және 6-11 сынып оқушыларына арналған «Ясауитану-2024» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқаудың негізгі мақсаты – философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқау 4 бағыт бойынша өткізілді:
I бағыт – «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген».
II бағыт – «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы».
III бағыт - «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен».
IV бағыт - «Мәшһүр-Жүсіпшығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері».
Байқауға Ақмола облысының жалпы білім беретін ұйымдарының 64 оқушысы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша 20 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 11 оқушы, грамотамен – 1 оқушы марапатталды.
Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қорытындысы бойынша I орын алған оқушылар:
1.«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» (зерттеу жоба) номинациясы бойынша Халел Нұрай - Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
2.«Білімді, зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» (эссе жазу) номинациясы бойынша Дулатова Алуа - Көкшетау қаласы, Абай атындағыдарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
3.«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (ұлттың ұлы тұлғаларын сипатау) номинациясы бойынша Кульчимбек Қарлығаш - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы.
Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қорытындысы бойынша II орынмен келесі оқушылар марапатталды:
1.«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» (зерттеу жоба) номинациясы бойынша Майканова Дильназ - Бурабай ауданы, Қызылағаш ауылының Абылайхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
2.«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» (зерттеу жоба) номинациясы бойынша Дүйсенбек Ақерке - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
3.«Білімді, зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» (эссе жазу) номинациясы бойынша Ахмет Аружан - Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің 11-сынып оқушысы;
4.«Білімді, зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» (эссе жазу) номинациясы бойынша Ережеп Дәннәр - Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
5.«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (ұлттың ұлы тұлғаларын сипатау) номинациясы бойынша Казбеков Әділет - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп–лицейінің 10-сынып оқушысы;
6.«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (ұлттың ұлы тұлғаларын сипатау) номинациясы бойынша Дота Қадыр -Ақмола облысы білім басқармасының Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қорытындысы бойынша III орынмен келесі оқушылар марапатталды:
1.«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» (өз шығармасы) номинациясы бойынша Әділжан Мұхит - Аршалы ауданы, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
2.«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» (өз шығармасы) номинациясы бойынша Шаймұратова Жұлдызай - Бурабай ауданы, Қызылағаш ауылының Абылайхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
3.«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» (өз шығармасы) номинациясы бойынша Жамантай Жібек - Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
4.«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» (зерттеу жоба) номинациясы бойынша Лаукелқызы Нұрайым - Целиноград ауданы, Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
5.«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» (зерттеу жоба) номинациясы бойынша Сұраухан Кәусар - Шортанды ауданы, Шортанды кентінің №3 жалпы орты білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
6.«Білімді, зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» (эссе жазу) номинациясы бойынша Ілияс Ақерке - Ақкөл ауданы, Қына ауылының жалпы орта білім беретің мектебінің 9-сынып оқушысы;
7.«Білімді, зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» (эссе жазу) номинациясы бойынша Ганибаева Улбосын - Аршалы ауданы, Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
8.«Білімді, зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» (эссе жазу) номинациясы бойынша Жанарбек Гаукар - Бұланды ауданы, Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
9.«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (ұлттың ұлы тұлғаларын сипатау) номинациясы бойынша Жанай Алмаз - Біржан сал ауданы, Андықожа батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
10.«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (ұлттың ұлы тұлғаларын сипатау) номинациясы бойынша Серікболқызы Жадыра - Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
11.«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (ұлттың ұлы тұлғаларын сипатау) номинациясы бойынша Малчыбай Кунсулу - Шортанды ауданы, Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.
Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қорытындысы бойынша грамотамен «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» (ұлттың ұлы тұлғаларын сипатау) номинациясы бойынша Бауыржан Сәуле - Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
Мәшһүр-Жүсіп оқуларының облыстық кезеңінде I орын алған жүлдегерлер республикалық кезеңге жолдама алды.
«Ясауитану-2024» республикалық байқаудың негізгі мақсаты - қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау. Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру.
Байқауға Ақмола облысынан 29 оқушы қатысты.
Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде хикметтер жатқа оқылды. Екінші кезең бойынша қатысушылар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге, Қазақстан тарихына қатысты алдын-ала дайындалған билет сұрақтарына жауап берді
Байқаудың қорытындысы бойынша 5 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, грамотамен – 2 оқушы марапатталды.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындармен мараптталған қатысушылар:
І-дәрежелі дипломмен Елемес Жансезім - Целиноград ауданы, Софиевка ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы марапатталады.
II-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1. Нұрбек Ахмет - Ақкөл ауданы, Өрнек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
2. Джумасанов Жангир - Ақкөл ауданы, Новорыбин ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1. Кәдірқалиқызы Сұлужан - Қосшы қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
2. Үсен Қазына - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы.
Грамотамен марапатталды:
1. Өтелбаева Әйгерім - Бурабай ауданы, Қызылағаш ауылының Абылайхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
2. Марқабай Мадина - Қосшы қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!