АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Өткізілген ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ "Табысқа бастау" - дарынды балаларды анықтау және дамыту моделі"

23.02.2024

2024 жылдың 22 ақпан күні Ақмола облысының Қосшы қаласының мектеп-гимназиясының базасында мамандандырылған мектептердің педагогикалық тәжірибесін тарату мақсатында "Табысқа бастау" - дарынды балаларды анықтау және дамыту моделі" атты облыстық семинары өтті.

Семинардың мақсаты - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылатын дарынды балалармен жұмыста педагогикалық тәжірибені жалпылау және алмасу, озық педагогикалық технологияларды таныстыру.

Семинар екі бөлімнен тұрды: секциялық және пленарлық. 5 секцияның әрқайсысында модератор ретінде облыстың мамандандырылған мектептерінің директорлары сөз сөйледі: "Білім-инновация" лицей-интернаты", Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Көкшетау қаласы,Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернаты дарынды оқушылармен жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, келешегі зор бағыттар туралы әңгімеледі.

Секция жұмысын мектеп директорларының орынбасарлары, дарынды балаларға арналған мектептерде жұмыс істейтін педагогтар жалғастырды. Қосшы қаласы мектептерінің әріптестерімен оқушыларды зияткерлік конкурстарға, ғылыми жобалар конкурстарына және олимпиадаларға дайындаудың қыр-сырымен бөлісті. Шебер-сыныптарға, коучингтерге қатысқан педагогтар үлкен әдістемелік көмек алғанын атап өтіп, ризашылықтарын білдірді.

Семинардың пленарлық бөлімінде Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Балапайқызы Дүйсенова «Ақмола облысының облыстық мамандандырылған мектептерінің жай-күйі мен жетістіктері» атты баяндама жасап, семинарға жиналған педагогтердің сұрақтарына жауап беріп, семинарды қорытындылап, ұйымдастырушыларға, іс-шараға қатысушыларға алғысын білдірді.

Просмотров: 883


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст