АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XIX республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңінің туралы ақпарат

26.02.2024

Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы «Алмаз» шипажайының базасында 2024 жылғы 22 - 24 ақпан аралығында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XIX республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңінің екінші легі өткізілді.

Байқаудың мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектпе оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

2 лек секциялары: математика, қолданбалы математика, физика, космос, туризм және спорт, химия, биология, информатика, робототехника, STEM инженерия.

Ақмола облысының намысын 9 жобамен 11 оқушы қорғады. Жүлдегерелер жас ерекшеліктеріне сәйкес 2-4 (кіші жастағы топ) және 5-7 (ересек жастағы топ) сыныптар бойынша анықталды.

Байқаудың қорытындысы бойынша 4 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: ІІІ-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, грамотамен – 3 оқушы марапатталды.

ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1. «Физика, космос» секциясы бойынша Советов Шернияз - Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы;

2. «Физика, космос» секциясы бойынша Жантурин Ерасыл - Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы;

3. «Химия, биология» секциясы бойынша Айдарханова Альбина - Ақкөл ауданы, Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;

4. «Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы бойынша Тулепов Абильмансур - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы.

Грамотамен марапатталды:

1. «Математика, қолданбалы математика» секциясы бойынша Майарам Нұрай - Астрахан ауданы, Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы;

2. «Химия, биология» секциясы бойынша Рычкова Таисия - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;

3. «Туризм және спорт» секциясы бойынша Мұстафа Әсия - Целиноград ауданы, Қараөткел ауылының жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы.

Жас зерттеушілерімізді шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 843


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст