АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңін өткізу туралы ақпарат

14.03.2024

Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен  2024 жылғы 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиадаға Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Біржан сал, Есіл,  Жақсы,  Зеренді, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары мен Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары, «Білім-инновация» лицей-интернаты, "Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернаты, Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан барлығы 118 оқушы қатысты.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада.

Олимпиаданың мақсаты:

  • мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
  • қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;
  • оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

      «Жарқын болашақ» олимпиадасына қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері)  7-11-сыныпта оқитын  оқушылар қатысты.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы бес бағыт бойынша өткізілді:

1.«Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);

2.«Білгірлер бәйгесі» (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілер бойынша сайыс);

3.«Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс),

4.«Сөз шеберлері» (Көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);

5.«Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).

 «Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша I-орын алған қатысушылар:

  1. «Бейнелеушілер» бағыты бойынша  Билял Әдия - Көкшетау қаласы, № 17 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы;
  2. «Бейнелеушілер» бағыты бойынша Счастливая Евгения - Көкшетау қаласы, № 4 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
  3. «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша Дота Қадыр - Көкшетау қаласы, "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  4.  «Жас қаламгер» бағыты бойынша Дулатова Алуа - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3  облыстық мамандандырылған мектеп- интернатының 11-сынып оқушысы;
  5. «Сөз шеберлері» бағыты бойынша Қасымбек Дариға - Бурабай ауданы, Щучинск қаласы №7 мектеп-лицейінің  11-сынып оқушысы;
  6. «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша Әміржан Нұрлы - Көкшетау қаласы, Абай атындағы  дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп- интернатының    11-сынып оқушысы;
  7. «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша Кадирбердиев Ерсанат - Степногорск қаласы, С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.

 II-орын алған қатысушылар:

  1.  «Бейнелеушілер» бағыты бойынша Аталык Аружан - Есіл ауданы, Есіл қаласы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
  2. «Бейнелеушілер» бағыты бойынша Амангелді Әлем - Степногорск қаласы, С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің   9-сынып оқушысы;
  3.  «Бейнелеушілер» бағыты бойынша Музаев Шадид - Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы № 2 жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
  4. «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша Оргебай Айгерім - Степногорск қаласы, №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- интернатының 10-сынып оқушысы;
  5. «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша Наурызбаева Меруерт - Щучинск қаласы "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  6. «Жас қаламгер» бағыты бойынша Құрман Әділбек - Щучинск қаласы "Білім-инновация" IT лицей- интернатының 11-сынып оқушысы;
  7. «Жас қаламгер» бағыты бойынша Атамбай Гүлнұр - Целиноград ауданы, Қоянды  ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
  8.  «Жас қаламгер» бағыты бойынша Рябов Тимур - Щучинск қаласы «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
  9. «Сөз шеберлері» бағыты бойынша Жуманова Аружан - Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
  10. «Сөз шеберлері» бағыты бойынша Уатхан Нұрәли - Атбасар ауданы, Атбасар қаласы № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
  11. «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша Тәтімбекұлы  Ерхан - Астана қаласы №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  12. «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша Жұмабек Нұрбақыт - Көкшетау қаласы, Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 көпсалалы гимназиясының 9-сынып оқушысы;
  13. «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша Федоренко Регина - Жақсы ауданы, Жақсы ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
  14. «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша Алжанов Есет - ТОО "Silk-Road corporation" Бизнес Академия "Дара" школа-лицейінің 11-сынып оқушысы.

III-орын алған қатысушылар:

  1. «Бейнелеушілер» бағыты бойынша  Нұржан Балауса - Аршалы ауданы, И.Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
  2.  «Бейнелеушілер» бағыты бойынша Тельжанов Мағжан - Бұланды ауданы, Макинск қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
  3.  «Бейнелеушілер» бағыты бойынша Сакенова Диана - Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  4.  «Бейнелеушілер» бағыты бойынша Червенко София - Щучинск қаласы "Білім -инновация" IT лицей-интернатының  9-сынып оқушысы;
  5. «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша Құмарбек Құндыз - Бурабай ауданы, Ұрымқай ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
  6. «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша Бексеитова Айғаным - Жақсы ауданы, Ешім ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
  7. «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша Қызыр Еңлік - Целиноград ауданы, Тасты  ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің  7-сынып оқушысы;
  8. «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша Муслимова Камила - Бурабай ауданы, Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
  9.  «Жас қаламгер» бағыты бойынша Дәулетқызы Баян - Астана қаласы, №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
  10.  «Жас қаламгер» бағыты бойынша Ергенжан Нұрболат - Степногорск қаласы,        №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп- лицей- интернатының  10-сынып оқушысы;
  11. «Жас қаламгер» бағыты бойынша Керімбекова Еңлік - Көкшетау қаласы, № 11 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
  12. «Жас қаламгер» бағыты бойынша Вестова Милана - Бурабай ауданы, Зеленый бор ауылы мектеп гимназиясының 11-сынып оқушысы;
  13. «Жас қаламгер» бағыты бойынша Османова Зиннат - Қосшы қаласы, Р.Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
  14. «Сөз шеберлері» бағыты бойынша Мусаева Ақбота -  Қосшы қаласы ІТ мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
  15. «Сөз шеберлері» бағыты бойынша Әбдрайым Әлайдар - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
  16. «Сөз шеберлері» бағыты бойынша Мәнәп Сезім -   Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
  17. «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша Хуаныш Назым - Целиноград ауданы, Қоянды  ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
  18. «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша Мерғасым Мансұр - Көкшетау қаласы, №21 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
  19. «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша Тлектесова Аружан -  Біржан сал ауданы, Степняк қаласы Абай атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
  20. «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша Кенжеқара Әйгерім - Есіл ауданы, Есіл қаласы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
  21. «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша Жалғасов  Арнұр - Бұланды ауданы, Макинск қаласы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.

Олимпиада қорытындысы бойынша грамотамен марапатталған қатысушылар:

  1.  «Бейнелеушілер» бағыты  бойынша Әбдрайым Кәусар - Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы Жайық Бектуров атындағы № 3 Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебінің  8-сынып оқушысы;  
  2. «Бейнелеушілер» бағыты Ермек Толғанай - Қосшы қаласы ІТ мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
  3. «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша Алмас Аяулым - Есіл ауданы , Есіл қаласы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
  4. «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша  Семеновых Алина - Щучинск қаласы "Білім-инновация" IT лицей- интернатының 9-сынып оқушысы;
  5. «Жас қаламгер» бағыты бойынша Үмітхан Злиха -  Біржан сал ауданы, Андықожа батыр ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
  6.  «Сөз шеберлері» бағыты бойынша Мұстафина Алжан - Зеренді ауданы, Елікті ауылы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
  7. «Сөз шеберлері» бағыты бойынша Стругин Артем -  Щучинск қаласы "Білім-инновация" IT лицей-интернатының            8-сынып оқушысы;
  8. «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша Азат Альбина - Атбасар ауданы, Атбасар қаласы № 8 жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

«Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша Ахметова Айгерім - Шортанды ауданы, Шортанды кенті  № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы.

Просмотров: 957


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст