АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің қорытындылары туралы

29.03.2024

Алматы қаласында 2024 жылғы 24-28 наурыз аралығында орта білім беру ұйымдары 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиаданың информатика және география пәндері бойынша қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиада ұйымдастырушылары: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.

География (152 қатысушы) және информатика (143 қатысушы) пәндері бойынша 295 облыстық кезең дүлділдері жарысқа қатысты.

Республикалық олимпиада барлық санитарлық, медициналық, өрт қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп нормалары қатаң сақтала отырып, Haileybury Almaty мектебі базасында өткізілді.

Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде екі кезеңнен, теориялық және практикалық турлардан тұрды.

Сондай-ақ, бағдарламаға сәйкес қатысушылар үшін «Көк төбе» мәдениет және демалыс саябағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіне экскурсиялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, оқушыларға психологиялық тренингтер мен түрлі спорттық ойындар өткізілді.

Олимпиаданың барынша ашықтығын және академиялық адалдығын қамтамасыз ету мақсатында YouTube арнасында тікелей эфир жүргізілді.

Олимпиаданың жабылу салтанаты 28 наурыз күні Almaty Theatre өтті.

Ақмола облысынан 13 оқушы қатысты, оның ішінде: «География» пәні бойынша - 7 оқушы, «Информатика» пәні бойынша - 6 оқушы.

Олимпиада қорытындысы бойынша 5 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломдармен – 3 оқушы, грамотамен – 3 оқушы марапатталды.

  І-дәрежелі дипломмен «География» пәні бойынша Ғалым Рахман – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы марапатталды.

II-дәрежелі дипломмен «География» пәні бойынша Қаиргелді Мансұр – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы марапатталды.

IІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1. «Информатика» пәні бойынша Абенов Чингиз  - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

2. «Информатика» пәні бойынша Шаймерден Нұрәлі – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

3. «География» пәні бойынша Хуатбек Нұрсерік – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Грамотамен марапатталды:

1. «География» пәні бойынша Аргин Бекежан – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

2. «География» пәні бойынша Мацедон Полина – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 10-сынып оқушысы;

3. «Информатика» пәні бойынша Мұғжан Дінмұхаммед – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы.

Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 790


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст