01.06.2020
2020 жылдың 27 мамыр күні 8-11 сынып оқушылар арасында онлайн режимінде ZOOM платформасы арқылы Республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
«Абай оқуларының» негізгі мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Абай Құнанбайұлы және Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Байқауға барлық аудандар мен Степногорск қаласынан, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 96 оқушы қатысты.
І. Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізілді:
1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Абай шығармаларының санына байланысты бағалайды.
2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу. Бұл номинация бойынша Абай қарасөздерін толық білуі бойынша бағаланады.
3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. Бұл номинация бойынша шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы, толық білуі бойынша бағаланады.
4. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.
5. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы –оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланады.
6. «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазу.
І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Худайберген Саяжан Степногорск қаласы, Степногор ауылы орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
«Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Малчыбай Айсұлу Шортанды ауданы, Степной орта мектебінің 8 сынып оқушысы;
«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Жақсылық Дамир Ерейментау ауданы, Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
«Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Мұрат Диана Жарқайың ауданы, А.Үкібаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы;
«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Төлеу Елік Бұланды ауданы, Елтай орта мектебінің 8 сынып оқушысы;
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Батталова Мақпал Аршалы ауданы, И.Құтпанұлы атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Парахатова Құлпынай Астрахан ауданы, Петровка орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Темир Дариға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;
- «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Омарова Зарина Степногорск қаласы Бестөбе кенті №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Әбдірахим Көркем Степногорск қаласы №4 «Болашақ» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынң 9 сынып оқушысы;
- «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Алмасбек Айбат Зеренді ауданы Шағалалы орта мектебінің 8 сынып оқушысы;
- «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Елешқызы Шұғыла Көкшетау қаласы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;
- «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Тулегенова Фариза Степногорск қаласы, А.Косарев атындағы №9 орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Муслим-Али Дильназ Қорғалжын ауданы, Қорғалжын мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;
- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Конушпаева Асемай Сандықтау ауданы, Жыланды негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы;
- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Жанарбек Арайлым Ақкөл ауданы «Горький атындағы орта мектебі – бақшасы» 8 сынып оқушысы;
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Асалбек Мадина Ақмола облысы Зеренді ауданы «Еленовка орта мектебі» 9 сынып оқушысы;
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Серікболұлы Нұрлыбек Бұланды ауданы, Макинск қаласы Макинск №5 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Нұрахмет Айдана Целиноград ауданы, Оразақ ауылы орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Айтмаганбет Айдана Степногорск қаласы дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» мамандандырылған мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы;
- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Хасым Ажар Бұланды ауданы, Макинск қаласы №5 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы;
- «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Машарупова Тахмина Зеренді ауданы, Елікті орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Куликова Нұргүл Н.Смагулов атындағы №2 орта мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;
- «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Жылкайдарова Жансая Бұланды ауданы, Макинск қаласы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы;
- «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Қойлыбай Айжан Шортанды ауданы, Шортанды №3 қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Бекболатова Марзия Бурабай ауданы, Щучинск қаласы №9 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;
- «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Қойкен Ұлпан Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;
- «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Мукашева Айнұр Бурабай ауданы, Щучинск қаласы №11 ІТ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
- «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Лисунова Виктория Астрахан ауданы, Жалтыр №4 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
- «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Рахметов Айбек «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Төкен Ағыбай Егіндікөл ауданы, Жаңақоныс негізгі мектебі 9 сынып оқушысы;
- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Саликова Айғаным Зеренді ауданы, Абай орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Башарова Дариға дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы;
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Сәулетай Жеңіс Шортанды ауданы Степной орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Нурлахметова Дана Сандықтау ауданы Социалистік Еңбек ері Б.Уразалин атындағы Веселое орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Сағындық Ділназ Жақсы ауданы, №1 Жақсы орта мектебінің 11 сынып оқушысы.
Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Биік шыңынан көріне берулеріңізге тілектеспіз!