«Рухани
жаңғыру» «Тәрбие және білім» бағдарламасы аясында
театрландырылған ұжымдар арасында
«Театырдың ғажайып әлемі» атты облыстық балалар
байқауын өткізу туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Ақмола облысының білім басқармасымен бірлесе отырып, «Рухани жаңғыру» «Тәрбие және білім» бағдарламасы аясында театрландырылған ұжымдар арасында «Театрдың ғажайып әлемі» атты облыстық балалар байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты - көркемдік орындау деңгейін, олардың сахналық шеберлігін және репертуарын жетілдіру.
Жыл сайын өткізілетін байқаудың биылғы тақырыбы «Туған жердей жер болмас» деп аталынды. Байқауға Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Есіл, Жақсы, Сандықтау аудандары және Көкшетау қаласынан жалпы 10
театр ұжымы, жалпы бала саны-109 қатысып, өздерінің сахналық қойылымдарын көрсетті.
Облыстық байқауға арнайы шақыртылған Ақмола облысының орыс драма театрының және Ш.Уалиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университетінің, Ш.Құсайнов атындағы қазақ музыкалық драма театрының кәсіби мамандары, өз саласының шеберлері әділ бағаларын беріп, төмендегідей шешім қабылдады:
І орын –Бұланды ауданы, Макинск БШҮ «Шаңырақ» театр ұжымы;
ІІ орын –Көкшетау қаласы, ЦВР «Әулет», «Ренессанс» театр ұжымы;
II орын- Сандықтау ауданы, БШҮ «Стимул» театр ұжымы;
ІІІ орын- Жақсы ауданы, Ишимск ОМ, «Жас өркен» театр ұжымы.
ІІІ орын- Зеренді ауданы, БШҮ «Жас толқын» театр ұжымы.
ІІІ орын- Бурабай ауданы, Зеленобор МГ, «Аспан» театр ұжымы.
Барлық ұжым өздерінің сахналық өнерлерін көрсетіп, Қазақ елі, бостандық, тәуелсіздік тақырыптарын ашуға барынша тырысып бақты. Біреулерінің сахналық көрінісі, талпынысы сәтті шығып жатса, екіншісінің кемшіліктері көрініп-ақ тұрды. Дегенмен, бұл сайыс, ал сайыс бар жерде жеңімпаздар бар. Тәрбиесі мол, берері көп осындай байқаулардың жас өнерпаздардың көңіл-күйіне шуақ сыйлап, шаттық әкелгені бізді қуанышқа бөлейді.