АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

27.03.2018

2018 жылдың 14-16 наурыз аралығында Алматы облысы,  Райымбек ауданы  Қарасаз ауылында жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында Республикалық Мұқағали Мақатаев оқулары өтті.

Республикалық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілетін М. Мақатаев  оқуларының міндеттері мен мақсаттары:

- оқушылар арасында М. Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;

-  республикалық жалпы білім беретін оқу орындарының  оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

- оқушылардың поэзияға деген құштарлығын  арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз

ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе  білуін дамыту;

-жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын,

демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен  сана-сезімдерін, өмірге көзқарасын қалыптастыру.

                Ақмола облысынан Төңкер Елігімай – Целиноград ауданы,Софиевка а. №21 орта мектебінің 10-сынып оқушысы қатысты.

Жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткен республикалық Мұқағали оқуларында Төнкер Елігімай жеті айдар бойынша қатысып, «Үздік ақындар» номинациясы бойынша «Арнайы жүлде» грамотасымен және 20000 теңге (жиырма мың теңге) сыйақымен марапатталды.

Просмотров: 567


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст