2018
жылдың 15-20 наурыз аралығында Атырау қаласында жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері ретінде оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру,теориялық білімдерін тереңдетіп, тәжірибелік іскерліктерін шыңдау, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, оқушыларды халықаралық олимпиадаға іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің абырой-беделін арттыру сияқты шараларды атап көрсетуге болады.
Жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша 2018 жылғы республикалық олимпиадаға 780 оқушы қатысты, оның ішінде 83 айтулы халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар.
Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан, республикалық білім беру мекемелерінен, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымынан шыққан оқушылардан барлығы 20 команда қатысты.
Ақмола облысының командасын Көкшетау қ. «Білім-инновация» лицей-интернаты, Степногорск қ., дарынды балаларға арналған №4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Көкшетау қ. №6 мектеп-лицейі, М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы, № 1 Красный яр мектеп-гимназиясы, Бурабай ауданы Щучье қаласы № 1 мектеп-гимназиясы, Есіл ауданы Есіл қаласы № 2 орта мектептерінен 37 оқушы құрады.
Олимпиада қорытындылары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
ІІ дәрежелі дипломдармен – 3 оқушы;
ІІІ дәрежелі дипломдармен - 4 оқушы;
Құттымбек Данияр – «Информатика» пәні бойынша Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Қазақcтан-Британ техникалық университетінің білім грантына ие болды.
ІІ дәрежелі дипломмен 3 оқушы марапатталды:
1. Құттымбек Данияр - «Информатика» пәні бойынша Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
2. Кушербаев Асет – «Биология» пәні бойынша Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
3. Нұрғали Нұрмәди - «Биология» пәні бойынша Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі дипломмен 7 оқушы марапатталды:
1. Темирбаев Ильяс - «Информатика» пәні бойынша Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
2. Ельжанов Арлан - «Биология» пәні бойынша Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
3. Кулумканов Нурсат - «Физика» пәні бойынша Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
4. Сержан Мирас -«География» пәні бойынша Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы.
Барлық қатысушылар жеңіске деген жігері мен мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасына белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды және қатысушы сертификаттары берілді.