АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

30.03.2018

21-24 наурыз Алматы қаласының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан оқушыларына арналған Эйлер атындағы Х Олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.  Олимпиада Вятск қосымша білім беру орталығынан бастамасымен өткізілді. Қазақстанда Олимпиада «Әл-Фараби» олимпиадалық даярлық Орталығымен өткізіледі. Олимпиада 2 күн бойы екі кезеңнен өткізілді.

  Оқушылар Алматы қаласының көрікті жерлеріне экскурсия жасап, Медеу биіктаудағы мұзайдынына барды. Олимпиаданың ресми жабылу салтанаты Механика-математика факультетінің Қызыл залында өтті.  Академик Асқар Жұмаділдаев математикалық олимпидалардың өткізілу тарихы туралы баяндап, қатысушыларды ғылыми танымдылыққа шақырды. Сонымен қатар димлом, грамота және демеушілердің бағалы сыйлықтарымен марапаттады.

Ақмола облысынан Көкшетау қаласы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Даминов Арслан қатысты. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Арслан ІІІ дәрежелі диплом иегері атанып, 30 мың теңгелік

ақшалай сертификатпен марапатталды.

 

Просмотров: 407


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст