АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың IV (қорытынды) кезеңін өткізу туралы қорытындылары

04.09.2024

Астана қаласында 2024 жылғы 26-30 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдары 9-11(12) сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі  пәндері бойынша қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.

Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде екі кезеңнен, теориялық және практикалық турлардан тұрды.

Ақмола облысынан 6 оқушы қатысты, оның ішінде: «Ағылшын тілі» пәні бойынша - 4 оқушы, «Неміс тілі» пәні бойынша - 2 оқушы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломдармен – 3 оқушы, грамотамен – 3 оқушы марапатталды.

II-дәрежелі дипломмен «Ағылшын тілі» пәні бойынша Чаленко Дарья  - Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 1 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы марапатталды.

IІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1.«Ағылшын тілі» пәні бойынша Абдікәрім Мақсат  - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

2. «Неміс тілі» пәні бойынша Неклюдова Виктория – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді "Таңдау" гимназиясының 10-сынып оқушысы;

3. «Неміс тілі» пәні бойынша Бут Ангелина – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.

Грамотамен «Ағылшын тілі» пәні бойынша Қазымбет Әмірлан  - Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық-лицейінің 11-сынып оқушысы марапатталды.

Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 71


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст