Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 27 мамыр күні жалпы білім беру оқу орындары оқушыларының арасында онлайн форматта «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Облыстық байқауға 40-қа жуық оқушы қатысты.
«Мағжан оқулары» 3 номинация бойынша өткізілді:
I номинация - «Өлең – менің Шолпаным, Айым Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу;
II номинация - «Жасынан оқу оқып, өнер куған...» - ғылыми жоба жұмысы;
III номинация - «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар (өз шығармаларын орындау) байқауы.
«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша келесі қатысушылар марапатталды:
1. Жартай Жаным - Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы – I орын;
2. Алимханова Балжан - Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – II орын;
3. Қарқынқызы Назерке - Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің» ІТ мектеп - лицейінің 10-сынып оқушысы – II орын;
4. Акылбек Ахмерей - Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – III орын;
5. Есмагулова Дильназ - Бурабай ауданы білім бөлімінің Қызылағаш ауылының Абылайхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – III орын;
6. Сембай Дидар - Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Ақсу кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы – III орын;
7. Волкова Яна - Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – грамота.
«Жасынан оқу оқып, өнер куған...» - ғылыми жоба жұмысы номинациясы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар:
1. Алшынбаева Зарина - Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы – ІІ орын;
2. Ахылбек Сабина- Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Заводской кентінің жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – II орын;
3. Түменбай Айшабибі - Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Жібек жолы ауылының мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы – IІI орын;
4. Каиржанова Перизат - Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 9-сынып оқушысы – III орын;
5. Біләл Гаухар - Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Кеңбидайық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – III орын.
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар (өз шығармаларын орындау) номинациясы бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:
1. Мұхтар Әліби - Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – I орын;
2. Алтын Әділет - Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – II орын;
3. Әбдірайым Әлайдар - Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернатының 10-сынып оқушысы – II орын;
4. Сейдабзалова Мадина - Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – III орын;
5. Хызырбек Сырым - Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы – III орын;
6. Оразхан Абдуррахим - Қосшы қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – III орын;
7. Хамзина Аида - Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы– грамота.
Мағжан оқулары байқауының I орын жүлдегерлері республикалық кезеңге жолдама алды. Байқау жеңімпаздарына сәттілік тілейміз!!!